Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1218384
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Чавушоғлұ АҚШ-тың S-400 әуе қорғаныс жүйесі жөніндегі хатына жауап берді» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Америка Құрама Штаттарының S-400 әуе қорғаныс жүйесі жөніндегі хатына байланысты «Бұл хатты қабылдамаймыз. Ешкім Түркияға ультиматум бере алмайды. Түркия S-400 әуе қорғаныс жүйесін алды. S-400 әуе қорғаныс жүйелері Түркияға келеді. Түркия мұндай хаттар арқылы шешімінен әсте бас тартпайды»деді.

Сабах газеті «Әлемнің ең күшті армиялары» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда әлемнің ең  күшті армиялары қайсысы? Бұның жауабы белгілі болды. Globalfirepower сайты әскер саны, әскери жабдықтары, экономикалық күші, стратегиялық орны сынды көрсеткіштерге негізделе отырып әлем армияларының әскери күштерін бағалады. Сайттың талай жылдар бері жинаған ұпайлары бойынша түрік армиясы әлемнің ең күшті армиялары қатарында 9-шы орынды иелеуде.

Ватан газеті хабарын «Түркияға шетелдік инвесторлар келуде» деген тақырыбымен берді. Газет жаһандық тікелей шетелдік инвестицияларының 2018 жылы 13 пайыз азайып, 1,3 триллион доллар деңгейінде болғанын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Түркия болса, 2018  жылы батыс Азия аймағында ең көп тікелей шетелдік инвестиция тартқан ел болды. Түркияға  тікелей шетелдік инвестициялары 13 пайыз артып, 13 миллиард доллар ретінде жүзеге асты.

Стар газеті «Түрік әуе жолдарының алғашқы түс ұшағы аспанда» атты хабарға орын берді. Газет Түрік әуе жолдарының «түс ұшағы» деп аталған алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы аспанға көтеріліп, сәтті ұшқанын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Boeing-тің Everett базасынан тест үшін  аспанға көтерілген TC-LLA үлгісіндегі ұшақ осы айдың аяғында Түрік әуе жолдарының флотына қосылады.

Хүрриет газеті «Парижде түрік соғыс ұшағы көрсетіледі» деген тақырып қолданды. Газет Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібінің Ұлттық соғыс ұшағының алғаш рет 17-23 маусым күндері аралығында ұйымдастырылатын «Халықаралық Париж Airshow»-да  көрсетілетінін жазған. Газеттің хабарына қарағанда осылайша жаңа буын ұшақ категориясында маңызды орынға ие 5-ші буын соғыс ұшағын АҚШ, Ресей және Қытайдан кейін өндіре алатын инфрақұрылым және технологияға ие екенін тағы бір рет көрсетеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар