Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1211700
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Малайзия мен Пәкістан Түркия үшін маңызды ортақ болып табылады» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның  Сауд Арабиясының Джидда қаласында кеше ұйымдастырылған  Түркия-Малайзия-Пәкістан үштік сыртқы істер министрлері жиналысына қатысқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Малайзия мен Пәкістанның Түркия үшін өте маңызды ортақтар екенін білдіріп, «Ислам әлемінің үлкен демократиялары және экономикалары ретінде ынтымақтастығымызды тіпті көп арттырамыз және ортақ әлеуеттерімізді тіпті жақсы қолданамыз» деді.

Хабар Түрік газеті «Түркия 57 елге қызанақ экспортты жасады» атты тақырып қолданды. Газет Түркия Экспортшылар Мәжілісі атқару кеңесі мүшесі және Батыс Жерорта теңізі Экспортшылар Одағы төрағасы Хаккы Бахардың Түркияның алғашқы 5 ай ішінде  57 елге 163 миллион доллар құнында қызанақ экспорты жасалғанын мәлімдегеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда экспортта бірінші орынды 62 миллион доллармен Ресей алды.

Сабах газеті хабарын «Қытай әуе жолдары Стамбул әуежайына қызығушылық көрсетуде» деген тақырыбымен берді. Газет China Southern әуе жолдарының  Қытайдың Ухан қаласынан Стамбулға ұшақ сапарын бастағанын баяндады. Газеттің хабарына қарағанда көптеген әуе жолы компаниялары ұшақ рейстерін бастаған Стамбул әуежайына Қытайдың Ухан қаласынан алғашқы ұшақ келді. Гуанжоу орталықты әуе жолы компаниясы 30 мамырдан бастап, Ухан қаласынан Стамбулға аптасына 3 мәрте ұшу рейсін атқарады.  

Стар газеті «Алғаш рет Түркияда. Әлемде тек 30 ғана қалды» атты хабарға орын берді. Газет әлемде тек 30 ғана қалған ақ арыстан түрінің екеуі еркек, екеуі ұрғашы 4 ақ арыстанның кеше Стамбул Тузладағы арыстан паркіне әкелінгенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Чехтен Түркияға әкелінген 4 ақ арыстан келген адамдарға көрсетіле бастады.

Ватан газеті «Ұлттық мотошабандоз Жан Өнжү Италияда жарысқа түседі» деген тақырып қолданды. Газет Ұлттық мотошабандоз Жан Өнжүнің «Moto3» Әлем чемпионатының алтыншы сатысында Италияда жарысқа түсетінін жазған.



Ұқсас жаңалықтар