Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1210910
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Акар Пенче операциясымен байланысты мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың «Пенче» операциясын жүргізудегі мақсаттарының Түркияға Ирактың солтүстігінен келетін террористік қауіптің толығымен жойылуы екенін хабарлағанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда 27 мамырда бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағыттап жүргізілген «Пенче» операциясына байланысты мәлімдеме жасаған Акар: «Түрік әскерлері тарапынан террористердің аталмыш аймақта кіретін үңгірі мен іні қалмайды. Барлығы толық жойылады. Кандил, Асос және басқа жерлерде анықталған террор нысаналары тұңғыш рет толығымен жергілікті және ұлттық құрлық қолдау құралдарымызбен атылды» деп көрсетті.

Хабар Түрік газеті «Электрлі автокөлік батареясына рұқсат берілді» атты тақырып қолданды. Газеттің хабары бойынша  Жапонияның екі алпауыт фирмасы Toyota мен Panasonic электрлі автокөліктерде қолданылуы үшін дамытылатын батареяларды Түркияда өндіруге дайындалуда. Аталмыш салада төрт ай бұрын ортақ талпыныс жасаған екі фирманың осы әрекеттің 2021 жылы іске қосылатын Түркияның автокөліктері үшін өте маңызды.

Стар газеті хабарын «Кремль мәлімдемешісі Песков: S-400 әуе қорғаныс жүйелері Түркияға мерзімінде табыс етіледі» деген тақырыбымен берді. Газет Кремль мәлімдемешісі Димитрий Песковтың S-400 әуе қорғаныс жүйелерін Түркияға табыс ету мерзімінің жоспарланғандай жалғасқанын және кезкелген бір кешігу болмайтынын білдіргенін мәлімдеді.

Хүрриет газеті «Тағы да рекорд жаңартылды. Турист саны 3 миллионға ұласты» атты хабарға орын берді. Газет Анталия туризмінің мамыр айында да жаңа рекорд жаратқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда 27 мамырдан бастап, қалаға келген турист саны 3 миллионнан асты. Қала тарихында тұңғыш рет мамыр айында  турист саны 3 миллионға  ұласты.

Сабах газеті «Швецияда бес ұлттық спортшымыз бәсекеге түседі» деген тақырып қолданды. Газет Швецияның астанасы Стокгольмде ұйымдастырылатын Алмас лигасының үшінші сатысында  100 метрге жүгіретін ұлттық спортшылар  белгілі болғанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Стокгольмдағы   Олимпиада стадионында ұйымдастырылатын бәсекеге Түркия атынан Рамил Гумилиев, Ясемин Жан, Арас Кая,  Али Кая және Яуыз Жан түседі.

 



Ұқсас жаңалықтар