Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1209334
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ресей: Түркиямен бірге S-500 жүйелерін өндіреміз» атты хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу алғашқы S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің жабдықтарының маусым айында Түркияда болатынын хабарлады.  Түркиямен бірге S-500 жүйелерін өндіретіндерін хабарлаған Шойгу «S-500-дің бір ғана батареясы Түркия әуе кеңістігін сырттан келетін шабуылдардан қорғай алады» деді.

Ватан газеті «Түркияның тұңғыш отандық сейсмикалық зерттеу кемесі» деген хабарға орын берген. Теңізде екі және үш көлемді терең сейсмикалық зерттеу жүргізе алатын тұңғыш отандық сейсмикалық зерттеу кемесі «MTA Оруч Реис» кемесі Мәрмәр теңізінің түбінде зерттеу жүргізуде.  Әлем көлемінде сирек кездесетін сейсмикалық кемелердің бірі «Оруч Реис» Шығыс Жерорта теңізінде табиғи ресурс іздеу барысында Түркияға көп үлес қосады.

Хабер Түрік газеті «Стамбул Қаржы орталығы 2022 жылы ашылады» деген хабарға орын берген.  президенттік аппарат жанындағы Қаржы кеңсесі төрағасы Проф. Гөксел Ашан Стамбулды қаржы орталығына айналдыруды жоспарлағандарын білдірді. «Стамбул Қаржы орталығын 2022 жылдың басында ашамыз» деді ол.  Әлемде қаржы орталығы болуға лайықты бірнеше қала болса,  олардың бірінің Стамбул екенін атап көрсеткен Ашан осы қаланы жылдам қаржы орталығына айналдыратындарын білдірді.

Сабах газеті «Анталияда туризмде мамыр рекорды» деген хабар жариялаған.  Анталия әкімі Мүнир Каралоғлу мамыр айының турист рекорды жаңаланғанын хабарлады.  Әкім әлеуметтік желіде «2019 жылдың 25 мамыр күні Анталияға әуе жолы арқылы 76 мың 568 турист келді.  Тарих бойынша мамыр айы рекорды жаңаланды» деді. 25 мамыр күні Анталияға сыртқы желіден 363 ұшақ келіп қонды.  Осы рекорд артып жалғасады деген үміт жоғары.

Хүрриет газеті «Түркияны таныстыруда гастрономия алға шығады» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой биылдан бастап Түркияны теңіз, құм, күнмен бірге гастрономияның,  тарихи және мәдени жәдігерлердің де таныстыратынын хабарлады.  «Гастрономия бұдан былай таныстыруларда басты тақырыптардың бірі болады» деген министр Ерсой: «Осы аяда жұмыстарды арттырамыз.  Мақсат – 2023 жылға келгенде 70 миллиард долларлық туризм табысын табу» деді.



Ұқсас жаңалықтар