Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1169903
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Чавушоғлу: Сіз қайтадан соғыс шығарасыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жаңа Зеландияда жұма намазы кезінде жасалған шабуылмен байланысты «Осы қанішер мен қолдаушысы Ислам дұшпандары президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алды. Бүгін Ислам дұшпандығы мен түрік дұшпандығы біріккен. Себебі мұсылмандардың жалғыз қарқынды бір дауысы бар, ол - Түркия» деді. Чавушоғлу түрік және мұсылман дұшпандығыныңкелешекте католик, протестант және православ дұшпандығына айналатынын атап, Еуропаға ескерту жасады. Мевлүт Чавушоғлу «бұрын болғандай Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты жаңа бір соғысты  қайтадан сіздер шығарасыздар» деді.

Стар газеті «Түркиядан Малидегі шабуылға айыптау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Малидің Мопти аймағындағы бір ауылға жасалған шабуылды айыптап, қаза тапқандар үшін ел халқына көңіл айтты. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде«Малидің Мопти аймағындағы Банкасс ауданы маңындағы бір ауылға жасалған шабуылда көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғанын күйзеліспен үйрендік. Осы опасыз шабуылды айыптаймыз, бауырлас Мали халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы мен жаралылардың тез арада сауығып кетуін тілейміз» делінді.

Хабертүрік газеті «Стамбул әуежайы көрмелерге халықаралық қатысуды арттырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Hannover Fairs Turkey» бас директоры Александр Кюхнел Стамбул әуежайымен бірге Түркияның одан көп халықаралық қатынасқа ие болатынын атап, «Жаңа әуежайы арқылы көрмемізге ұлттық және халықаралық келушілер саны артатын болады» деді.

Хүррийет газеті «Әлем түрік қызанағынан бас тартпайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жылыжай инвесторлары мен өндірушілер одағытөрағасы Мүслім Янмаз Түркияның ең маңызды ауылшаруашылық өнімдері экспортының басында қызанақ келгенін атап, осы тұрғыдан жылыжай өндірушілігін жетілдірудің маңызына назар аударды. Янмаз көптеген елдің түрік қызанағына қызығушылық танытқанын атап, «Түркияда шамамен 12 миллион тонна қызанақ өндірісіміз бар. Мұның шамамен 3,5 миллион тоннасы жылыжайларда өндірілуде» деді. Янмаз өткен жылы 53 елге барлығы 292 миллион долларлық қызанақ экспорты жасалғанына атап көрсетті.

Сабах газеті «MFÖ Анкарада сахнаға шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрлігі Көркем өнер бас дирекциясы Түркияның ең көрнектіөнер мекемелерінің бірі Президенттік симфония оркестрі мен аты аңызға айналған ‘Мазхар-Фуат-Өзкан’ (MFÖ) атты музыкалық тобының басын қосады. Өнерсүйер қауым ұзақ уақыттан бері күткен үлкен концерт Анкара спорт кешенінде 26 наурыз күні жүзеге асады.



Ұқсас жаңалықтар