Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1168521
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Трамптың Голан төбелері жөніндегі мәлімдемесі тіпті көп қанның төгілуіне себеп болады» деген хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының Израильдің халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерін заңдастыруға тырысуының  тіпті көп қанның төгілуіне себеп болатыны туралы мәлімдеме жасады. Чавушоғлұ Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Мемлекеттің территория тұтастығы халықаралық құқықтың ең негізгі принцибі болып табылады. АҚШ-тың Израильдің халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерін заңдастыруға тырысуы тіпті көп қанның төгілуіне себеп болады. Түркия Сирияның территория тұтастығына қолдау көрсетуде» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Чавушоғлұ: Еуропа Парламенті Еуропаның ортақ құндылықтарын қорғаудан аулақ» атты тақырып қолданды. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Еуропа Парламентінде артқан нәсілшілдікке назар аударғанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Еуропа Парламентінің саны барған сайын артқан нәсілшіл және радикал депутаттар салдарынан Еуропаның ортақ құндылықтарын қорғайтын бір платформадан аулақ екенін түсіндірген Чавушоғлұ «Еуропа парламенті тек Түркияға ғана емес, Еуропа Одағының өзіне қарата және Еуропаның ортақ құндылықтарына қарата бір қауіп болуда. Нәсілшіл және радикал депутаттар Еуропа Одағына да қарсы» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркияда 3 мың 500 метрден мұнай шығарылды» деген тақырыбымен берді. Газет әлемдегі гидравлика өндірген елдер қатарында Түркияның да орын алғанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Энергия және табиғи ресурстары министрі Фатих Дөнмез Диярбакыр және Сирттегі мұнай іздеу жұмыстарына байланысты мәлімдеме жасады. Дөнмез Диярбакырдағы «Мермер-1» атты кеңестікте жердің 3 мың 500 метр астына алғаш рет мұнай табылғанын айтты.

Сабах газеті «Түрік сериалдарының әшекей бұйымдары жәрмеңкеде көрсетіледі» атты хабарға орын берді. Газет «Istanbul Jewelry Show» атты жәрмеңкесінің 21-24 наурыз күндері аралығында өткізілетінін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда бұл жәрмеңкеге мемлекет іші және шетелдегі әйгілі әшекей бұйым және зергерлік бұйымдары секторлары қатысады. Жәрмеңкеде сонымен қатар түрік сериалдарының әшекей және зергерлік бұйымдарына көрсетіледі.

Хүрриет газеті «Түркияның жаннат ауданы Финике» деген тақырып қолданды. Газеттің  Финикенің Анталияның бір ауданы екеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Финикенің сұлулығын, тамаша табиғатымен түрік жұрты талайды тамсантып отыр. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп, демалып қайтады. Жерорта теңізімен табысып жатқан аймақта көне ғасырларға тиесілі байырғы дүниелердің орнын көптеп кездестіруге болады.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар