Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1154871
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Пәкістан мен Үндістан дағдарысын шешу үшін Түркия атсалысады» деген хабарға орын берді. Газет Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның Президент Режеп Тайып Ердоғанмен  телефон арқылы сөйлескенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда телефондағы әңгімелер барысында Пәкістан мен Үндістан арасында жалғасқан дағдарыс қолға алынды. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан әскери дағдарыстың доғарылуы үшін Ердоғанның дәнекерлік рөл атқаруын талап етті.

Хабар Түрік газеті «Көрші елдерден Түркияға көп турист келді» атты тақырып қолданды. Газет Түркияға келген шетелдік турист санының қаңтар айында 5.33 пайыз артып, 1 миллион 539 мың  496 адам болғанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Түркияға ең көп турист жіберген елдер арасында көрші елдер Болгария мен Грузия алғашқы орынды иеледі. Болгария 8.69 пайыздық үлес және 133 мың 806 адаммен бірінші, Грузия 7.30 пайыздық үлес және 112 мың 376 адаммен екінші болды. Германия 6.63 пайыздық үлес және 102 мың 120 адаммен үшінші орынды иелесе, Ресей 5.96 пайыздық үлес және 91 мың 720 адаммен төртінші орынды иеледі.

Йени Шафак газеті хабарын «Жерорта теңізіндегі табиғи газдың Еуропаға тасымалдауда Түркия маңызды рөл ойнайды» деген тақырыбымен берді. Газет Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың күйеу баласы және бас ақылшысы Джаред Кушнердің астана Анкараға келуі және Президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылдануының жаңғырықтарының жалғасқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Джаред Кушнердің бұл реткі Түркия сапары Түркия мен Израиль қарым-қатынастары тұрғысынан да жаңа бір көкжиек әкелуі мүмкін. Мамандар Мысырдың Израильді қақпайлап, Кипр Понти әкімшілігімен жасаған энергетика келісіміне жауаптың Израиль табиғи газының Анадолыдан Еуропаға тасымалдау арқылы берілетінін пайымдауда.

Стар газеті «Экспортта арту жалғасуда» атта хабарға орын берді. Газет Түркияның экспорты қаңтар айында өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайыздық артумен 13 миллиард 170 миллион доллар болды.  Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесі мен Сауда министрлігі тарапынан жасалған қаңтар айына байланысты уақытша сыртқы сауда статикалары жарияланды. Осы санаққа қарағанда экспорт  қаңтарда өткен жылының бірдей кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайыз артып, 13 миллиард 170 миллион долларға ұласты. Импорт болса 27,2 пайыз азайып, 15 миллиард 673 миллион долларға түсті. 

Сабах газеті «Ұлттық құрама командасының жаттықтырушы міндетін Шенол Гүнеш атқарады» деген тақырып қолданды. Газет Түркия футбол федерациясы Атқару комитетінің Ұлттық құрама команданың жаттықтырушы міндеті үшін Шенол Гүнешпен келіскенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Шенол Гүнеш ұлттық құрама команда үшінші орын алған Оңтүстік Корея және Жапонияда өткен 2002 жылғы Әлем кубогында түрік командасын жаттықтырған маман болатын.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар