Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1154120
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Трамптың күйеу баласы Джаред  Кушнер Анкарада» деген хабарға орын берді. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың күйеу баласы және бас ақылшысы Джаред Кушнермен астана Анкарадағы кездесуге байланысты мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда министр Албайрак «Кушнермен оңаша өткізген кездесуімізде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру туралы қадамдарды қолға алдық» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Экономикалық сенім индексі артты» атты тақырып қолданды. Газет Түркия статистика мекемесінің ақпан айына байланысты экономикалық сенім индексін жариялағанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда ақпан айына байланысты экономикалық сенім индексі өткен аймен салыстырғанда 1,2 пайыз артып, 78,5-ден  79,4-ке көтерілді. Индекстегі көтерілу тұтынушы, өндіріс өнеркәсібі және қызмет секторы сенім индекстеріндегі артулардан туындады. Қаңтар айында өндіріс өнеркәсібі сенім индексі 96,9-ға, ал қызмет секторы сенім индексі де 79,5-ке ұласты.

Стар газеті хабарын «Түркиядан Ресейге бір айда жасалған лимон экспорты 10 миллион доллардан асты» деген тақырыбымен берді. Газет Түркиядан Ресейге қаңтар айында 18 мың  60 тонна лимон экспорттың нәтижесінде 10 миллион 172 мың  644 доллар кіріс түсірді. Газеттің хабарына қарағанда өткен жылы 13 мың 69 тонна лимон экспорт етілген және соның нәтижесінде 8 миллион  969 мың  50 доллар кіріс түсірген еді.

Ватан газеті «Түркияның демалу мақсатындағы алғашқы биологиялық жасанды көлі салынады» атты хабарға орын берді. Газет Түркияның демалу мақсатындағы алғашқы биологиялық жасанды көлінің Эрзурумның Азизие ауданында салынатынын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Азизие ауданында салынатын жасанды көлі Түркия экономикасы мен туризміне үлес қосады.

Хабар Түрік газеті «Әлемнің ең үздік 25 қонақүйі белгілі болды, Түркиядан 2 қонақүй тізімде орын алды» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда қонақүйлер және мейрамханалар сайты «TripAdvisor»-тің дауысқа салынуының нәтижесі бойынша  «Travelers’ Choice 2019» тізімін жариялады. «Travelers’ Choice 2019» тізіміндегі әлемнің ең үздік 25 қонақүйінің қатарында  Түркиядан да 2 қонақүй орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар