Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1153451
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Республика тарихының ең үлкен теңіз жаттығуы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Республика тарихында алғаш рет Анадолыны қоршаған үш теңізде 103 соғыс кемесінің қатысуымен бірдей уақытта жоспарланған «Көгілдір Отан 2019 әскери жаттығуы» басталды. Теңіз соғыс орталығы қолбасшылығы тарапынан жоспарланып, басқарылған жаттығу Қаратеңіз, Эгей теңізі және Шығыс Жерорта теңізінен бастап бірдей уақытта жүзеге асады. Жаңа қару мен көліктер сынақтан өтетін жаттығуға F-16 соғыс ұшақтары да қатысады. «Көгілдір Отан» жаттығуы 8 наурыз күні аяқталады.

Хабертүрік газеті «Vestel мен Google ынтымақтастығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Испанияның Барселона қаласында ұйымдастырылған Мобильдік әлем конгресіне (Mobile World Congress - MWC 2019) алтыншы рет қатысқан Vestel мен Google ынтымақтастық жасағандарын жариялады. Осы аяда Vestel Андроид бағдарламасының соңғы нұсқауы ретінде «Android Pie» операциялық жүйелі телеарналардың Vestel City-де өндірілетінін мәлімдеді. Vestel фирмасы Android Pie технологиялық теледидар қолданушыларының «Google Asistan» арқылы дауыспен басқару бағдарламаларына қол жеткізетін экранынан тағы дауыспен басқару әдісін қолданып түстерді бақылай алады. Vestel Андроид ТВ өнімін 2019 жылы мамыр айында Түркиядан бастап, Еуропада нарыққа шығарады.

Стар газеті «TEKNOFEST 2019 көрмесіне өтініш беру мерзімі басталды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда әлемнің ең үлкен 2-ші авиация фестивалі ретінде «TEKNOFEST İstanbul 2019» көрмесіне өтініш беру мерзімі басталды. TEKNOFEST авиация, ғарыш және технология фестивалі аясында ұйымдастырылатын технология жарыстары үшін өтініш беру мерзімі 28 ақпан күніне дейін жалғасады. Биыл тағы TEKNOFEST аясында ұшатын көлік жобасы жарысы да ұйымдастырылмақ. Жеңіске жеткен топтар барлығы 2 миллион түрік лирасынан астам жүлдені де иелейді.

Ватан газеті «Әлемнің ең мықты 5-ші қаласы Бурса» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда бүкіл әлемде салауатты өмір шығындары, тұрғын үй бағалары, қылмыс, денсаулық сақтау қызметі, ластану және көлік қатынасы сияқты ережелерді назарға алып, салауатты өмір сапасы ең жоғары қалаларды анықтайтын тәуелсіз бір зерттеу мекемесі ретінде Нумбео әлемдегі ең сапалы қаланы анықтау үшін жұмыс жүргізді. Numbeo, денсаулық қызметі мен ұқсас мағлұматтарды негізге алып жүргізген зерттеудің қорытындысы ретінде жариялаған «Денсаулығы ең мықты» қалалар тізімінде Бурса 5-ші орын алды.

Хүррийет газеті «Ағылшындар Трабзонспор жас футболшысы Юсуф Языджыны қалайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания премьер лигасы топтарынан Cardiff City Юсуф Языджыны командасына қосу үшін Трабзонспорға ұсыныс жасады. Бірақ Ахмет Ағаоғлуның 22 жасар жұлдыз футболшыны бере алмайтындарын айтқан соң бастартқан команда спортшыға деген қызығушылығын тастамады. Хабарда жылдың соңында Cardiff City командасының футболшы үшін одан көп ақшамен жаңа ұсыныс жасауды жоспарлағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар