Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1152685
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Варанк сүйіншіледі. Антарктикада уақытша ғылыми базамызды құрдық» деген хабарға орын берген. Газет өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанктың Түркияның Антарктикада уақытша ғылыми базасын құрғанын айтқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Антарктикадағы түрік ғалымдарынан құралған топтан суреттер келгенін баяндаған Варанк «Антарктикада уақытша ғылыми базамызды құрдық. Жалауымызды сол жерде желбірету біз үшін мақтаныш. Ғалымдарымызға алғыс айтамын. Елімізге қайырлы болсын» деді.

Стар газеті «Түркияға 2018 жылы 13 миллиард 163 миллион долларлық тікелей инвестиция салынды» атты тақырып қолданды.  Газет президенттік инвестиция офисі төрағасы Арда Ермуттың Түркияның өткен жылы 13 миллиард 163 миллион долларлық халықаралық тікелей инвестиция көлеміне жеткенін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ермут осы артудың Түркия экономикасына деген сенімнің және мемлекеттің әлеуетінің бір нәтижесі екенін, сондай-ақ дамыған елдердің халықаралық инвестициядан алған үлесінің барған сайын азайғанын білдірді. Арда Ермут өткен жылы Түркияғы ең көп инвестиция салған елдің Голландия болғанын және осы елден кейін Әзірбайжанның орын алғанын айтты.

Ватан газеті хабарын «Туристтер Шығыс Экспресі саяхатына туризм пойызымен шығады» деген тақырыбымен берді. Газет Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың Шығыс Экспресінің соңғы кезде туризм мақсатты қолданылғанын айтып, тағы бір пойыз рейсін ұйымдастыратындарын хабарлағанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Шығыс Экспресі пойызының соңғы кездері туризм мақсатты қолданылғанын, билет табудың қиындай түскенін білдірген министр Ерсой: «Шығыс Экспресі туристік пойыз бола бастады. Енді біз мақсатына сай тағы бір рейс ұйымдастырамыз» деді.

Хабар Түрік газеті «‘Гөбеклитепе’ жылы деп жариялануымен туризмде жандану басталды» атты хабарға орын берді. Газет Туризмде 2019 жылының «Гөбеклитепе жылы» деп жариялануымен туризмде жандану басталғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда қыс маусымына қарамастан Гөбеклитепеге келген турист саны күн сайын артуда.

Хүрриет газеті «Дангал фильмінде сомдалған үнді балуан Эдирнеде жатығуда » деген тақырып қолданды. Газет өмірбаяны «Дангал» фильміне тақырып болған үнді ұлттық палуаны Бхаговад-Гитаның Эдирнеде жаттықнанын жазған.

        



Ұқсас жаңалықтар