Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1115153
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркияның қауіпсіздік қалқаны 'Ahtapot' көбейтіледі» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның сөздерімен күн тәртіпке келген ұлттық қорғаныс қалқаны «Ahtapot»-тың көбейтілетінін жазған. Газеттің хабарына қарағанда 2016 жылынан бері Түрік қарулы күштерінің тармағында жұмыс істеген жүйе мемлекеттік орган және қалалық әкімшіліктерінде де тест етілуде. «Ahtapot» 10-29 маусымда ұйымдастырылған «NATO CWIX»  атты әскери жаттығуына қатысты.

Сабах газеті «АҚШ-тың Сириядан кетуінің себебі Түркия» атты тақырып қолданған. Газеті Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның АҚШ жариялаған Сириядан кету шешімін түсіндіргенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда министр Чавушоғлұ «Америка Құрама Штаттарының Сириядан кетуі шешіміндегі ең маңызды актер Түркия болып табылады. Біздің табанды тұғырымыздың арқасында АҚШ Сириядан шегінді» деді. АҚШ президенді Дональд Трамп өткен апта 2 мың әскердің елге қайтатынын жариялады. Вашингтонның шешімі Сирияның солтүстігін бақылау астына алған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-да үлкен дүмпу жаратты.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркия  S-400 әуе қорғаныс  жүйелерін АҚШ-қа тексерткізбейді» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда  Түркияның Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс  жүйелерін АҚШ-қа тексерткізбейтін болды. Сыртқы істер министрлігі қайнар көздері «Министріміз Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның  АҚШ-қа  S-400 әуе қорғаныс  жүйелерін тексерту орайын беру жөнінде кездесулердің болмағанын Ресей дипломаттарына жеткізді» деді.

Ватан газеті «Индонезия Түркияға алғыс  айтты» атты хабарға орын берген.  Газет Батыс Явада губернаторы Рыдван Камилдің Зонд бұғазы жағалауында болған цунами апатынан кейін гуманитарлық жәрдем берген Түркияға алғыс айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік халқының мемлекетте болған әрбір апаттан кейін Индонезия халқының қасында болғанын еске салған Камил Ислам елі ретінде мұсылман бауырластығының маңызды екенін түсіндірді.

Стар газеті хабарын «Түркия 10 жылда ғарышта маңызды бір күш болуы мүмкін» деген тақырыбымен берген. Газет Израиль әуе және ғарыш институты зерттеу орталығы төрағасы Таль Инбардың Түркия ғарыш жұмыстары тақырыбында аймақтық лидер болуға дайындалғанын айтқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия 10 жылда ғарышта маңызды бір күш болуы мүмкін.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар