Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1113797
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Сирия мәлімдемесі» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған әскерлерін Сириядан әкетуге шешім жасаған Америка Құрама Штаттарының жауапкершілігін атқарғанын айтты.  Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Америка Құрама Штаттарының әскерлерін Сириядан әкету шешіміне байланысты сұраққа Ердоған: «АҚШ жауапкершілігін орындады,  бірақ Францияда президент Эммануэль Макронның мәлімдемесі басқаша. Сондықтан біз қазір АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесін назарға аламыз. Осы үрдістегі ынтымақтастықты жалғастырудамыз» деп жауап берді.

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Сириядан кету шешіміне байланысты: «Түркия Сирияға кіремін десе,  кіреді. Кету үрдісін Америка Құрама Штаттарымен бірге ұйымдастырамыз» деді. Америка Құрама Штаттарының Сириядан кетуінің қалай ұйымдастырылатыны және алаңда бостық болмауы үшін Қорғаныс министрлері деңгейінде кездесулер өтіп жатқанын айтты.  Министр Америка Құрама Штаттарының Түркиядан талабы жоқтығын айтып, «Бізден бір нәрсе сұрайтын болса,  қарастырамыз» деді.

Ватан газеті Қорғаныс министрінен мәлімдемеге орын берген.  Хабарға қарағанда, ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Анкарада журналисттердің сұрақтарына жауап берді.  акар Евфрат өзенінің шығысына бағытталатын операция туралы «Барлық нәрсе жоспарланды,  барлығы жоспар бойынша жүреді» деді. Бір журналисттің Америка Құрама Штаттарымен YPG/PKK ұйымының басқыншылығындағы Манбиджтің терроризмнен тазаланып,  аймақ тұрғындарына тапсырылуына байланысты келісілген Манбидж жол картасы туралы сұраққа министр Акар «Ешбір проблема жоқ.  Америка Құрама Штаттарымен бірге күнтізбек нақтыланады,  нақтыланған кезде сізге хабарланады» деп жауап берді.

Хүрриет газеті «Денизлиде 9 миллион жыл бұрынғының жаңалығы» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Түркияның Денизли қаласында жүргізілген зерттеуде 2 және 9 миллион жыл бұрын өмір сүргендері болжалған 14 жануардың қалдығы табылды.  Ғалымдар келесі жылы 65 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврлардың іздерін зерттейді.  Өткен жылы басталған зерттеулерде жаңа қалдықтардың табылғанын білдірген Памуккале Университеті Геология инженерлігі факультеті оқытушысы Проф. Джихат Алчичек «Осы зерттеулер арқылы Анадолыда адамның қоныстану тарихына байланысты жаңа мәлімет табуға болады» деді.

Стар газеті Харраннан келген хабарға орын берген.  Шанлыурфаның Харран ауданындағы 9 ғасырлық Харран сарайында жүргізілген қазба жұмыстарында монша жарыққа шығарылды.  Харран Университеті Археология кафедрасы оқытушысы және Харран ежелгі мекен қазба төрағасы Проф. Мехмет Өнар сарайда тағы басқа маңызды жәдігер табылатынын айтты. Оның айтуынша қазба жұмыстары қамалда тағы 10 жылға созылады.



Ұқсас жаңалықтар