Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

991579
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «TANAP қызметке берілді» деген хабар жариялаған. Түркия мен Әзірбайжан тарапынан үш жылдан бері салынған,  Әзірбайжан табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP ашылды.  TANAP-тың ашылу салтанатына президент Режеп Тайып Ердоған, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Сербия президенті Александр Вучич, Украина президенті Петро Порошенко қатысты.  Президент Ердоған: «Бүгін аймағымыз бен елдеріміз үшін тарихи қадам басудамыз» деді.

Хабер Түрік газеті премьер-министр Йылдырымның сөздеріне орын берген.  Премьер-министр Бинали Йылдырым Измир қаласында Болгария премьер-министрі Бойко Борисовпен кездесті. Йылдырым «Түркияның Еуропа Одағына мүшелік мақсаты жалғасуда, бірақ Еуропа Одағының болашақ миссиясын анықтауы және осы тақырыптағы белгісіздікті тез арада жоюы керек» деді.

Ватан газеті экономика хабарына орын берген. Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек Америка Құрама Штаттарындағы Түркияның алтын резервтерінің барлығын алғандарын білдірді.  Шимшек: «Америкадағы алтын резервтеріміздің барлығын алдық. Ештеңе тастамадық» деді.

Стар газеті туризм хабарына орын берген.  «Mediterranean Shipping Company» басшысы Диего Апонте «Әлемде өте аз елге тоқтайтын ауқымды контейнер кемелеріміз Түркияға да рейс жасайды» деді.

Сабах газеті «Түрік ойындары әлемге тарады» деген тақырып қолданған. Әлемге тараған түрік телесериалдарына енді отандық ойындар қосылды.  Түрік инженерлердің көптеген ойыны жаһандық лигада қолданылуда.  Осылардың бірі Зула атты ойын 100-ден астам елде ойналуда.

 

 


Этикеттер: #кеме , #Түркия , #ойын , #алтын , #TANAP

Ұқсас жаңалықтар