Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

927702
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан НАТО-ға наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған партиясының Болу қалалық 6-шы конгресінде үн қатты. Ердоған «Біз ең мықты мүшесіміз. Бір проблема туылғанда, НАТО тарапынан бір тапсырма берілгенде, кейде Сомали, Ауғанстан, Балканға бардық. Сирияда бұл оқиғалар болып жатқан кезде НАТО сен қашан келіп бізге жақтас болмақсың? Террор ұйымдары бізді үздіксіз мазалауда» деді.

Хабертүрік газеті «Түркиядан 14,5 миллиард долларлық жәрдем» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, премьер-министр Бинали Йылдырым Таяу Шығыс пен Африкадағы мұқтаж елдерден бастап, 2016 жылы шамамен 6,5 миллиард доллар, 2017 жылы болса 8 миллиард доллар жалпы 14,5 миллиард долларлық ресми өркендеу жәрдемі жасағандарын, 2011-2017 жылдары кем дегенде ең аз жетілген елдерге жасалған жәрдем көлемінің 1,8 миллиард доллардан асқанын жариялады. Жазбаша мәлімдеме жасаған премьер-министр шекара танымастан мұқтаж барлық елдерге жәрдем қолын созған Түркияның езілген халықтарға үміт болуды жалғастыратынын атап көрсетті.

Стар газеті «АҚШ S-400 тақырыбында бізді санкция жасаумен қорқытқан жағдайда жауабы қайтарамыз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда сыртқы істер министрі Мевлүт Чавшоғлу Германия сапары кезінде «Zeit Online» порталына сұхбат берді. Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Конгресі Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу сияқты сылтаумен санкция шешімі қабылдау пікірталастары туралы сұраққа  «Түркияны санкциялармен жазалауға ниеттенетін болса, Ресей немесе басқа елдер ретінде әртүрлі наразылықты көрсететін боламыз. Жауап қайтарамыз. Бізді қорқытушы болмасын» деді.

Ватан газеті «Американдық басшылардан Түркияға мақтау мен қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Лос-Анджелес бас консулдығының қонақжайлығымен АҚШ-тың ең маңызды мұсылман халықтардың қорғаушысы азаматтық қоғам мекемесі ретінде Американ-Ислам ынтымақтастығы Кеңесінің (CAIR) АҚШ-тық мұсылман басшылары бас қосты. Басшылар 3,5 миллион сириялық босқынға қонақжайлық жасаған, Палестина мәселесіне берген қолдауынан Иерусалим тақырыбындағы ұстанымына дейін көптеген салада Түркияға алғысын білдірді. Басшылар 'Түркиямен біргеміз' деп көзқарастарын jhnf5f 0jqls.

Ватан газеті «Қытай алпауытының нысанасы түрік жастары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайдың ең ірі телефон маркасы «Honor» Түркияға келеді. Марканың Түркия директоры Кевин Ванг Түркияда жастарды нысанаға алатындарын атап, сәуір айында 5 жаңа өнімімен Түркия нарығына кіретіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар