Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

616917
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан шетел валютасы орнына алтын шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық ислами қаржының 2015 жылы 2,1 триллион долларға ұласқанын атап көрсеткен президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық шетел валюта нарығының қысымынан құтылу үшін шетел валютасы орнына алтынға бағытталуға шақырды. Ислам ынтымақтастық ұйымы экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитеті (İSEDAK) 32-ші жиналысының ашылу рәсімінде сөйлеген Ердоған Ислам елдерінің өздерін жаһандық дағдарыстарға қарсы одан шыдамды қылуға мәжбүр екенін атап айтты. Ердоған халықаралық шетел валютасы қысымынан құтылу үшін қаржы саласында қатысушы қаржы түсінігінің валюта тұрғысынан алтынға индекстелген бір қадам басудың одан дұрыс болатынын атап көрсетті.

Ватан газеті «Ислам мемлекеттері батыста артып отырған исламифобияға қарсы наразылық көрсетуі керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған ИСЕДАК (ІSEDAK) жиналысында батыс әлемінде артып отырған исламифобия мен нәсілшілдікке назар аударды. Ислам әлеміне бағытталған ойындарға назар аударған Ердоған АҚШ пен Еуроодақтан бастап жаппай батыс әлемінде мұсылмандарға қарсы шабуылдардың артқанын атап көрсетті. Ердоған мешіттеріміз өртеледі. Барлық бұлар батыста болып жатады. Енді қарқынды түрде дауысымызды көтеруіміз керек» деп, Ислам елдерін наразылық көрсетуге шақырды.

Стар газеті «Үкімет экономикада бірнеше күннің ішінде жақсы жаңалықтар жариялайды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым доллар бағасының артуы және банктердің несие берудегі екіжүзді ұстанымымен нарықтарды қорқытқысы келген террор ұйымы ФЕТӨ және қолдау көрсеткен ақылшыларының Түркияға бағытталған жаңа ойындарына назар аударды. Ойналған ойынды байқағандарын және шаралар қабылдағандарын білдірген Йылдырым «Бірнеше күнге дейін экономикамыз туралы жақсы жаңалықтар жариялаймыз» деді. Мемлекеттік банктердің тұтынушы проценттерін азайту жөніндегі жұмыстар жарияланатын жаңа шаралар арасында.

Йени шафак газеті «Халық Еуроодақ мүшелігіне қарсы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Еуроодаққа наразылық көрсетіп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын ықтимал ретінде жариялады. Мәлімдеменің артынан Еуропа парламенті у-шу болды. Түркияда болса халық террорға қолдау берген Еуроодаққа ашулы. 16 мың адаммен жүргізілген сауалнамаға қарағанда қатысушылардың 88 пайызы Түркияның келіссөздерден бастартуын қалайды. Келіссөздердің жалғасуын қалағандар 9 пайызды құраса 3 пайыз қатысушы қалыс қалды.

Хабертүрік газеті «Түркия Шанхайда төраға болды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2017 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Энергия клубының кезекті төрағалық міндетін Түркия атқаратын болды. Анкараның «Тек қана мүше мемлекеттер емес, әртүрлі мәртебедегі мемлекеттер де кезекті төрағалық міндетін атқарсын» ұсынысы Мәскеудегі саммитте дауыс көпшілігімен қабылданды. Осылайша тұңғыш рет мүше елдерден басқа бір елге төрағалық міндеті жүктелді. Энергия министрі Берат Албайрак «Бұл энергия стратегиямыздың одан мықты іске асуына, ынтымақтастығымызға үлес қосатын болады» деді. Ұйым халықаралық нарықта электрдің 36 пайызын, табиғи газдың 23 пайызын, мұнайдың 20 пайызын және көмірдің 60 пайызын қамтамасыз етеді.



Ұқсас жаңалықтар