Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия үшін маңызды хабарларға орын берген.

577897
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «PKK-ДАИШ қатынасы жарыққа шықты» деген хабарға орын берген.  Террор ұйымдары ДАИШ пен PKK/PYD арасындағы қатынас жарыққа шықты.  Хабарға қарағанда Сирияның Ракка қаласы маңындағы Сулук ауданында YPG мен ДАИШ тұтқындарын алмастырды.  Оның үстіне бұл бірінші рет болып отырған жоқ.  Осы ұйымдар арасында соңғы бір жылдан бері 7 рет тұтқын алмастырылды.  Газет бұдан бұрын FETÖ мен ДАИШ арасындағы қатынасты да жарыққа шығарған болатын. FETÖ-нің Халепчедегі бір мектебінің директоры Угур Пехливаноғлуның ДАИШ ішінде бір бригада құрғанын хабарлаған еді.

Сабах газеті «Түркия шәйіттерін ұмытпайды» деген хабарға орын берген. Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс берген шәйіттер Стамбул мен Анталиядағы концерт және басқа да шараларда еске алынды. 17-ші Анталия Халықаралық пианино фестивалінің екінші концертінде Мануэль Карраско сахнаға шықты.  Алдынғы күні EXPO 2016 Анталия Конгресс орталығындағы концертінде Карраско тыңдаушыларына бір тосын сый сыйлады. Пианиносынан тұрып сахнаның алдынғы жағына келген пианист «Кезектегі шығарманы Түркияда демократия үшін қаза тапқан азаматтарға арнаймын» деді және «Елім» әнін шырқады. Каррасконың осы тосын сыйына музыка сүйер қауым түрегеліп тұрып қошамет көрсетті.

Хүрриет газеті экономика хабарына орын берген. 21 қыркүйек күні «Түркия экономикасы төңкеріс әрекетінің әсерінен шықты» деп, 23 қыркүйек күні Түркияның ұпайын «инвестиция жасауға болады» деңгейінен төменге шегерген Moody's-ке нарықтан жауап келді. Moody's-тің Түркияға бағытталған жағымсыз операциясына қарамастан қазынаның 3 тендеріне шамамен 4 есе сұраныс келді. Пайыз да күтілгеннен төменде қалды.  Вице-премьер Мехмет Шимшек әлеуметтік желіден «Несие ұпайындағы төмендеуге қарамастан қазына тендерлеріне мықты сұраныс келді» деді.

Стар газеті Еуразия қайық шоуының басталғанын хабарлаған.  Түркияда теңіз секторының ең ірі организациясы «CNR Avrasya Boat Show 2016» Халықаралық теңіз көліктері, құралдары және аксессуарлары көрмесі ашылды.  Биыл бірінші рет теңізде ұйымдастырылған көрме қақпасын кеше шақырылған қонақтарға ашты.  Көрме бүгін қарапайым халыққа да ашылды. 2016 жылдың яхта, қайық, желкенді кемелерімен бірге осы секторда қолданылатын барлық құралдар көрмеге қойылды. Шараға 300-ге тарта компания қатысуда.

Хабертүрік газеті «Түрік футболшылар Еуропада жарқырады» деген хабарға орын берген.  Еуропаның алдынғы қатарлы лигаларында ойнайтын түрік футболшылар осы апта өнерлерімен алға шықты. Ағылшын клубы Manchester City Голландияның Twente командасына жалға берген Энес Үнал табысын жетінші аптада да жалғастырды. 19 жасар футболшы бес матчта 6 гол салып, көшбасшы болды. Францияның бір командасында ойнайтын Мевлүт Эрдинч болса жетінші матчында алтыншы голын салды. Барселонадағы Арда Туран мен Mainz 05 командасындағы Юнус Маллы бір-бір гол салды.



Ұқсас жаңалықтар