Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

494250
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Байрақ 22 жылдық жолдасына» деген тақырыппен бір хабар жариялаған.

Әділет және даму партиясы төрағалық және премьер-министрлік үшін 1994 жылдан бері президент Ердоғанмен бірге болған Бинали Йылдырымды кандидат ретінде көрсетті.  Түркияны көркейткен маңызды жобаларға қолтаңба басқан Йылдырым алғыс баяндамасында «Құрушы төрағамыз,  лидеріміз бастаған барлық сатыдағы жолдастарымызбен үйлесімді түрде жұмыс істейміз» деді.  Бірінші баяндамасынан кейін Диярбакыр қаласына барған Йылдырым осында да «Бауырластығымызды бұзуға ешкімнің күші жетпейді.  Отанымызды бөлуге тырысқандар,  жазықсыз азаматтарды өлтіргендер жауабын алады» деді.

Стар газеті «Бизнес әлемінен Йылдырымға қолдау» деген хабар жариялаған. Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырымның Әділет және даму партиясы басшысы болуына бизнес әлемі толық қолдау көрсетті.  Йылдырымның министр міндеті барысында атқарған істерін меңзеген бизнес өкілдері саяси және экономикалық тұрақтылықтың жалғасатынын білдірді.

Йени Шафак газеті «Стамбул Гуманитарлық саммитке дайын» деген хабар жариялаған.  Түркия БҰҰ тарихында бірінші рет өткізілетін БҰҰ Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммитке мекен болады.  Саммит болатын Стамбулда қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейге шығарылды.  Саммитте 5 мың полиция қызметкері қызмет атқарады. Бомба жою мамандары мен тікұшақтар да дайын тұрады.  Ататүрік атындағы әуежайда қарсы алынатын мемлекет басшылары мен өкілдері үшін арнайы тәртіп жүргізіледі.  Саммитке байланысты 24 мамыр күніне жейін Стамбулдағы кейбір жолдар қатынас үшін жабылды.

Хабертүрік газеті «Санжар Нобель сыйлығын Атаға сыйлады» деген хабар назар аударады.

Проф. Др. Азиз Санжар 2015 жылғы Нобель Химия сыйлығының медалі мен сертификатын президент Ердоған да қатысқан рәсіммен Анытқабір қолбасшылығына тапсырды. Санжарды Нобель сыйлығын алуымен байланысты өзінің және ұлт атынан құттықтағанын айтқан президент Ердоған «Осы медальдің Анытқабірде болуы жастар үшін болашаққа жолдама болады деп ойлаймын. Енді одан да көп Нобель сыйлығы алынады деп сенемін. Бұл жастарға жол картасы болмақ» деді.  Азиз Санжар да «Бұл медальді осында тапсыру арқылы Ататүрікке және Ататүріктің қарулас жолдастарына,  Түркия Республикасын құрғандарға қарызымды өтедім.  Маған осы мүмкіндікті бергені үшін Аллаға шүкір етемін» деді.

Хүрриет газеті «Түрік фильмдері Голландияда» деген хабар жариялаған.  Голландия мен Түркия кино сүйер қауымына бас қостыруды мақсат еткен «Қызыл Қызғалдақ» фильм фестивалі 27 мамыр күні Роттердамда басталады.

Фестиваль аясында 4 маусымға дейін замандас түрік киноматографиясының таңдаулы фильмдері, деректі фильмдері мен қысқа метражды фильмдері көрсетіледі.  Сондай-ақ түрлі панельдер,  сурет көрмесі,  концерт сынды шаралар да өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар