Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

427835
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті хабарын «Халебтен қашқан 60-70 мың адам шекараға ұмтылуда» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Ахмет Давутоғлұның Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған Сирия бейбітшілік конференциясында жасаған баяндамасында Сирияның Халеб қаласында артқан орыс әуе операциялары және Сирия армиясының ілгерілеуі кесірінен көптеген адамның лагерлерден қашып, Түркия шекараларына ұмтылғанын айтқанын жеткізген. Хабарда Давутоғлұның Халеб маңындағы лагерлерден қашқан мөлшермен 60-70 мың адамның Килиске қарай бет алғанын білдіргенін хабарлаған. Газеттің хабары бойынша Давутоғлұ Сирия армиясының Халебтің солтүстігінде жалғасқан операциялардың Женевада бастаған, сондай-ақ Сирия бейбітшілік кездесулерін де тұңғиыққа соққанын түсіндірді.

Хүрриет газеті «Түркияның өнеркәсіп қаласы Кожаели қатынастың да базасы болуда» атты тақырып қолданған. Газет Кожаелінің бүгін 35 кемежай, 4 темір жолы желісі, 1 жүрдек пойыз байланысына ие екенін баяндаған Кожаели сауда одағы төрағасы Мұрат Өздағтың «Солтүстік Мәрмәр және Батыс Қаратеңіз автожолы, Шығанақ өткелі және Гебзе Орхангази автожолы жобасы арқылы аймақта қатынас базасы болады» дегеніне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда қатынас желістерінің итнеграциясымен бірге Картепе аймағында орын алған Көсекөй Түркияның ең үлкен логистикалық орталығы болады және жүк тасымалдау деңгейін 600 мың тоннадан 1,5 миллион тоннаға көтеріледі. Кожаели 2015 жылы 192 елге 18,2 миллиард доллармен Түркияның жалпы экспортының 12,64 пайызын жүзеге асырған.

Сабах газетінің «Газаның кілтін кәсіп әлемі ашуда» деген хабарында Түркия-Израиль қарым-қатынастарының қалыпқа түсуі үшін «халық дипломатиясы»-ның жұмысқа қосылатынын жазған. Хабарда Израиль үкіметінің 2014 жылы болған бомбалаудан кейін Газаның қақпаларын тұңғыш рет түрік іскерлеріне ашқанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша түрік іскер әлемі неше жылдын бері қысым астында қалған Газаны қайтадан салу үшін атсалысуда. TEPAV Газа үшін 5 миллиард долларлық құрылыс жоспарын ұсынды. Түркия палаталар және биржалар одағы басшылығында бір топ іскер делегациясының Газаға барды. Түрік өнімдеріне шектеме шаралары жеңілдеді.

Йени Шафак газеті хабарын «Арабтарға тұрғын үй сатуда 50 пайыз арту күтілуде» атты хабарында түрік туризм секторының соңғы жылдарда көрсеткен табысында үлесі болған араб туристтердің назары жылжымайтын мүлікке де ауғанын білдірген.



Ұқсас жаңалықтар