09.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

376761
09.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Рацияларды жапты, шәйіттердің кегін алды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, «күлгін береттер» Дағлыжада шәйіт болған қарулас жолдастарының кегін алды. 17 адамдық жасақ Дағлыжада террористтерді «аулады». Тікұшақпен аймаққа келіп, базадан «қайтыңдар» деген бұйрық алмау үшін рацияларын жапқан арнайы жасақты барлығы жоғалып кетті деп ойлады. Ал олар бірнеше сағат бойы жүздеген террористпен шайқасты. Күлгін береттер жасағы арттарында 73 террористтің денесін қалдырды. 25 террористті тірілей қолға түсірді. Өздері аман-есен оралды.
Йени Шафак газеті «Террорге қарсы бірлік» деген тақырып қолданған. Түркияның бірлік пен тұтастығына қарсы шыққан террор ұйымына наразылық артуда. Лаңкестіктерге қарсы мыңдаған азамат ерікті әскер болу үшін өтініш беруде. Ел көлемінде террорге қарсы шерулер өткізілді. Көптеген қалалық әкімшілік жоспарланған концерт және ашылу рәсімдерін кейінге қалдырды.
Хабер Түрік газеті «Түріктер Дубайға сыймады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, әлемдегі беделді жылжымайтын мүліктер көрмесі қатарындағы «Cityscape Global 2015» көрмесінде түрік мердігерлері таңбасын басты. Биыл 14-шісі өткізілген көрмеде өткен жылы 31 болған түрік компания саны биыл 61-ге жетті. 30 елден 300 компания орын алған көрмеде Түркия ұйымдастырушы Біріккен Араб Әмірліктерінен кейін компаниясы көп қатысқан ел болды.
Ватан газеті «51 елден медициналық қызметкер келеді» деген хабар жариялаған. Түрік медицина секторы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін медициналық қызметкерлерді қонақ қылады. Министр, кеңесші және жоғары деңгейдегі басшылардан тұратын 51 елдің медицина саласы өкілдері «İstanbul Health Expo» аясында Стамбулға келеді. 21-23 қазан күндері арасында болатын көрмеге Ұлыбритания, Франция, Сауд Арабиясы, Ирак, Катар, Иран, Испания, Италия, Швейцария, Алжир, Тунис, Мысыр, Эфиопия, Марокко сынды елдерден медицина секторы өкілдері келеді.
Миллиет газеті «Бірінші жылында үздік қала қонақүйі болып таңдалды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда туризм «оскарлары» деп есептелерін «World Travel Awards 2015» сыйлығының иелері жарияланды. Стамбулдағы Хилтон Козятагы қонақүйі Үздік қала қонақүйі ретінде сайланды. 2014 жылдың қыркүйек айында ашылған қонақүй қызмет сапасында мінсіздік, тұтынушы көңілінен шыққан қызмет түсінігімен алға шықты. аталмыш қонақүй туризм кәсіпқойларының және қонақүй қонақтарының дауыстарымен осы сыйлыққа лайықты деп табылды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар