05.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

342784
05.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабартүрік газеті хабарын «İMF банкі бас директоры Кристин Лагардтың адамгершілігімізді жоғалтып алғанымыздың дәлелі осы фотосурет» деген тақырыбымен берген. Газет «Бизнес 20 Түркия» конференциясына Бодрум жағажайында табылған үш жасар Айлан Курди атты сәбидің мәйітінің фотосуретінің таңбасын басқанын хабарлаған. Хабарға қарағанда İMF банкі бас директоры Кристин Лагард «Жағажайдағы сәбидің фотосы бәлки де адамгершілігімізді жоғалтқанымызды көрсетуде» десе, премьер-министр Ахмет Давутоғлұ да «Бұл адам баласының ұжданы тұрғысынан өте ұятты оқиға» деген сөздер қолданды.


Стар газеті «Бейбітшілікке жетудің ең жақсы жолы бір-бірімен байланысты болған экономика болып табылады» атты тақырып қолданған. Газет «Бизнес 20 Түркия» конференциясында баяндама жасаған премьер-министрі Ахмет Давутоғлұның «Экономика бейбітшілік үшін жақсы бір әдіс. Алайда экономиканың құлдырауы саяси және адамгершілік дағдарыс үшін де үлкен себеп. Сондықтан бірге әрекет ету керек» дегеніне орын берілген.


Йени Шафак газеті хабарын «Мамандар жаһандық табиғи апат жөнінде ескерту жасады» атты тақырыбымен берді. Хабарда соңғы 50 жылдың ең күшті жаһандық атмосфора оқиғасы «El Nino» жөнінде ескерту жасаған Стамбул техникалық университеті мұғалімі профессор Орхан Шеннің «El Nino болған жылдарда әлемде ыстық артады, сел, құйын сынды табиғи арат көбейеді, құрғақтық басталады» деген сөздерін жариялаған.


Ватан газеті «Түрік дәрігері Ұлыбританияда маңызды кітап жазды» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда үшеуі түрік, біреуі АҚШ-тық 4 дәрігер тарапынан дайындалған «Жаңа инвентаризация аурулары» атты кітап Ұлыбритания дәрі-дәрмек одағы тарапынан берілген осы жылдың кітабы жүлдесін алды.


Миллиет газеті хабарын «Батыр Ертугрул сериалы Еуропа Одағы жолында» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша Еуропа таралым одағы тарапынан 13-14 қыркүйек күндері аралығында Германияның астанасы Берлинде ұйымдастырылатын «Жасампаздық Форумында» Түркия атынан қатысатын «Батыр Ертугрул» сериалының алдымыздағы кезеңде Еуропаның ең маңызды каналдарында көрсетілуі күтілуде.


Миллиет газетінің «Түрік баскетболшылары өнерін көрсетеді» атты хабарында 2015 Еуропа баскетбол чемпионатында сайысатын түрік құрамасының Германияға аттанғанын хабарлаған. Хабарда Франция, Германия, Хорватия және Латвияда өтетін EuroBasket 2015-те түрік құрамасы В тобында ойнайтынын жазған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар