04.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген

374522
04.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті хабарын «Канаданы қабылдамады» деген тақырыбымен берген. Газет Бодрумда сириялық келімсектер отырған қайықтың батуынан кейін екі баласы мен әйелінен айрылған Абдуллах Курдидің Канададан келген ұсынысты қабылдамағанын жазған. Газеттің хабары бойынша Курди Канадада қарындасы болғанын, Канада үкіметінен ұсыныс алғанын, алайда бармайтынын және бұдан кейін өмірін Кобаниде өткізетінін жариялады.


Стар газетінің «Министр Ышык отандық автокөлікті алғаш рет сынады» атты хабарында Түркияның отандық автокөлікте соңғы сатыға келгенін және мамандар ұзақ уақыттан бері жұмыс істеген түрік өнімі автокөлік өндіргенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышыктың отандық автокөлік жұмыстарында алғашқы сынақтың жасалғанын мәлімдеп, «Отандық автокөлік қадамы әрі Түркияның автокөлік секторын күшейтеді, әрі Түркияны болашақтың технологияларында бір актер деңгейіне көтереді» деді.


Хүрриет газеті «Әлем энергия нарықтары толқыған кезде, кемені түрік капитаны басқарады. Энергияның орталық банкісі келуде» деген тақырып қолданған. Газет әйгілі экономист Фатих Биролдың Халықаралық энергия агенттігі атқару директор міндетін 1 қыркүйек күнінен бастағанын баяндаған. Хабарда алғашқы сұхбатын Хүрриет газетіне берген Биролдың Халықаралық энергия агенттігін мұнай мен табиғи газға қосып, жаңалануға болатын және жаңа энергия технологияларында әлемнің орталық банкіне айналатынын айтқанына орын берілген.


Ватан газетінің «Үлкер керемет өнеркәсіп беталысына дайындалуда» деген хабарында Үлкердің Йылдыз кемелді жолы мен индустриялдық жүлде бәсекесінің Германиядағы финалында сайысатынын жеткізген.


Хабартүрік газетінің «BBC Деринкуйы ежелгі әлемнің картасы» атты хабарында BBC интернет сайтында әлемге беймәлім ежелгі дәуірден қалған қалаларын таныстырғаны жазған. Хабарға қарағанда бұлардың бері де Кападокиядағы Деринкуйы. 20 мың адамды қорғау астына алған жер асты қаланың б.з.б 6-шы және б.з.б 7-ші ғасырда салынуына қарамастан өте керемет жүйеге ие екенін білдіруде.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар