15.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

328567
15.08.2015 күнгі түрік баспасөзі


Йени Шафак газеті хабарын «Ұлттық Қозғалыс партиясына үш ұсыныс» деген тақырыбымен берді. Газет Республика Халық партиясымен коалиция кездесулерінен бір нәтиже шығара алмаған премьер-министр Ахмет Давутоғлұ дүйсенбі күні сағат 14:00-да Ұлттық Қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелимен кездесетінін және оған үш ұсынын ұсынатынын жазған. Хабарда Республика Халық партиясына апарылған уақыттық коалиция ұсынысын Бахчелиге де ұсынатынын жеткізген. Хабарға қарағанда Бахчели коалицияға жылы қарамаса, онда сайлауға шоғырланған бір аз салды үкіметіне қолдау беруін сұрайды. Үшінші ұсыныс болса қазіргі үкіметпен сандыққа бару болады.


Миллиет газеті «Түркия электрінің 1 пайызын Гөйнуктен алады» деген тақырып қолданды. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылмаздың отандық қайнардың арқасында Түркияның шетелге төлейтін импорт шығынын азайтатынын білдіріп «Акса Энергиясының Гөйнук стансасынан мемлекет 20 жылда 1,5 миллиард лира табатынын баяндаған.


Стар газеті хабарын «DEİK Грузиямен сауда қарым-қатынастарын күшейтеді» атты тақырыбымен берген. Газет Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі DEİK басқару алқасы төрағасы Жихан Вардан Тбилиси өкілетті елшісі Зеки Левент Гүмрүкчү және оның басшылығындағы делегация Грузия ауыл шаруашылық министрі Отар Данелия тарапынан қабылданғанын жазған. Хабарға қарағанда Грузия мен Түркия арасындағы сауда, экономикалық қарым-қатынастар және ауыл шаруашылық потенциалдардың дамытылуы тақырыптары қолға алынған жиналыста Данелия сауда жөнінде жаңа нарықтардың зерттелуі үшін үлкен ілгерлеушіліктер болғанын, сондай-ақ Грузияда соңғы жылдарда ауыл шаруашылыққа қолдау көрсету мақсатымен маңызды қадамдардың атылғанын айтты. DEİK төрағасы Вардан да екі ел арасындағы ортақ жұмыстардың артуы үшін биыл Түркияда жиналыс ұйымдастыратынын айтты.


Хүрриет газетінің «Америкалықтар Түркияда алпауыт фирмамен ортақ болды» деген хабарында Goldman Sachs-тың SOCAR Түркияға ортақ болғанын жариялаған. Газет SOCAR Түркия бас директоры Кенан Яуыз Goldman Sachs-тың Түркияның ең үлкен инвестиция фирмасы болған SOCAR Түркияның 13 пайыз несиесіне 1,3 миллиард доллар төлеп ие болатынын мәлімдегеніне орын берген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар