12.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

217149
12.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Басқарудың президенттік формасына 54.5%, Атазаңға 65% қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда MAK Кеңесшілік фирмасы тарапынан ел көлемінде жүргізген зерттеудің қорытындысы жарияланды. Қорытындыға қарағанда сайлаушылардың жартыдан астамы басқарудың президенттік формасын қабылдаса, көпшілік Атазаңның жаңартылуын жақтайды.
Йени шафак газеті «Исламофобиялық қырғын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда батыста үкіметтер мен медиа асқындырған Исламофобия АҚШ-та қырғынға себеп болды. Солтүстік Каролина штатында үш мұсылман жас қарулы шабуылда өлтірілді. АҚШ әкімшілігі мен медиа үш маймыл ойынын ойнап, қастандықты көрместен келеді. Қастандықтың құрбаны Юсор Деах және Разанның әлеуметтік медиадағы парақшаларының жәрдем шақыруларына толы. Палестина мен сириялық балалар үшін жәрдем акциясы ұйымдастырған үш жас 75 баспанасыз американдыққа да көмектескен. Достары Фасебоокта «Біздің үш батырымыз» атты парақша ашты. Қастандыққа тиісті наразылықты көрсетпеген батыс баспасөзі болса сыналды. Оқиға түрік баспасөзінде кең орын алды. Стар газеті «Екі жүзді Шарлилер» атты тақырып қолданса, Сабах газеті «АҚШ үнсіз қалған қырғын», Хабертүрік газеті «Мұсылмандар өлтірілгенде хабар жазылмайды» деген тақырыптарды қолданды.
Хүррийет газеті «Соңғы 7 жылдың рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда автокөлік өндірісі 2015 жылға 37 пайыздық табыспен кірді. Өндіріс 103 мың көлікпен соңғы 7 жылдың ең жоғарғы қаңтар айы өндірісі ретінде тіркелді. Сауда көліктері өндірісі 83 пайыз артып, экспорттағы өсу процесі қаңтар айында 57 пайызға ұласты.
Сабах газеті «Орташығысқа денсаулық қызметі» атты хабарында генетикалық жұмыстарымен танымал медицина журналы «Cell»-дің алғашқы бетіне тақырып болған Стамбұл Бируни Университеті Орташығыстың денсаулық сақтау саласында атсалысады. Университет ректоры профессор Аднан Юксел Сириядан бастап, Ирак пен Иранда үш жылдың ішінде денсаулық қызметі бере бастайтынын мәлімдеді. Университет денсаулық сақтау бағдарламаларын аталмыш мемлекеттерге сатуды жоспарлайды. Университеттің мақсаты денсаулық сақтау саласында толық жабдықталған түрімен әлемде атын айттыру.
Хабертүрік газеті «Түркияның ең мықтысы Арда Тұран» атты хабарында француздар жасаған сауалнамаға орын берілген. Газет Испанияның футбол клубы «Atletico Madrid» те арнайы трибунаға ие Арда Тұранның белсенділігінің Еуропада жаңғырық туғызғанын жазған. Француз «So Foot» журналы Ардаға арналған бет дайындады. Голландиялық «Voetbalzone» интернет парақшасының «Арда бұрын соңды болған түрік футболшысы ма?» деген сұрағына оқырмандардың 85 пайызы «иә» жауабын қайтарды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар