06.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Министр Шимшектің экономикалық мәлімдемелеріне және халықаралық табыстарымызға байланысты хабарларға кең орын берген.

138905
06.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің тақырыбы «Министр Шимшек Түркияға қаржы ағылатынын айтты.»


Газет Лондонда шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізген Қазына министрі Мехмет Шимшектің «Ұзақ уақыттан бері тұңғыш рет осындай әсерлендім» дегенін жазды.

Министр Мехмет Шимшек екі күннен бері сағат сайын халықаралық инвесторлармен кездескенін айтып, Түркия бағытталған түсінік оңалғанын білдірді және «Түркияға мұқият түрде қаржы ағыла бастады. Түркияға деген талап та өте көп» деді.


Йени Шафак газеті «Автомобильде тарихи чемпионатқа жетуге аз қалды» деп жазды.
Автомобиль Өнеркәсібі экспортшылар одағы Әкімшілік кеңесінің төрағасы Орхан Сабунжы еуро-доллар айырмашылығынан туындаған шығындарға қарамай, автомобиль кәсібі саласы жыл соңында 9-шы кезекті кәсіптік чемпиондыққа қол жеткізетінін айтты. Өткен айдағы экспортта шығын болса да, жылдың соңында нысананы орындап, 22.5 миллиард долларлық сыртқы саудаға жететінін де атап өтті төраға. Автомобиль кәсібі саласындағы санды мәліметтер зерттелгенде шегіністерге қарамай Германия лидерлігін жалғастырды. 

 

Қараша айында кезегімен ең көп Германия, Ұлыбритания және Франция экспорт саудасын жасады».


Акшам газеті «Арабтар немістерден озды» деген тақырып қолданды хабарына.


Үлкен сауда орталықтарында көріне бастаған арабтар тұрақты мүліктерде де ең көп алушы болды. Шығанақ елдері қаржысы 2013 жылы 735 мың текшеметр тұрақты мүлік сатып алды. 2014 жылы бұл мөлшер 2 миллион текшеметрге жетті.


Өткен жылы 402 мың текшеметрлік сатып алу күшімен екінші орында болған Сауд Арабиясы биыл бұл санды 910 мың текшеметрге көтеріп, бірінші орынға шықты.


Кувейт 522 мың текшеметрлік сатып алу күшімен төртінші орынды иеледі. Біріккен Араб Әмірліктері73 мың текшеметрлік тұрақты мүлік сатып алу күшін 219 мың текшеметрге көтерді.
Радикал газетінің интернет парақшасы хабарының тақырыбы: «Соғысқа түріктердің тарапынан қарамағаныма ұялдым.»


Гелиполи соғысын тақырып еткен 'The Water Diviner' фильмінің режиссері Рассел Кроу мәлімдемелерін жалғастырып жатыр. «Гелиполиде тәуелсіз бір ұлтты жаулап алдық» сөздерімен елінде талас-тартысқа себеп болған Рассел Крау соңғы мәлімдемесінде мыналарды айтты:


«Фильмнің негізгі кейіпкерінің кең көлемде Австралия мен Жаңа Зеландияның Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін тәжірибе еткен тағдырын сезіндім және түсіндім. Алайда мені әсерлендірген басты нәрсе, сонымен бірге әрі шабыт беретін, әрі негізінде ұятқа қалдырған нәрсе болса, бір минут болса да түріктер тұрғысынан ойламағанымды байқауым болды. Жағдайдың бұл тарапынан ойламаған едім. Ұялдым.»


Миллиет газеті «Шырмауық» атты фильмнің Сандэнсте көрсетілетінін жазды.
«Белет сатушы» атты фильммен назар аударған режиссер Толга Карачичектің жаңа фильмі «Шырмауық» Америка Құрама Штаттарының танымал кинофестивалі Сандэнстің бағдарламасына таңдалды.


Тәуелсіз фильмдер қамалы саналатын және Ютата ұйымдастырылатын Сандэнс кинофестивалі 2015 жылы 22 қаңтар мен 1 ақпан арасында 29-шы мәрте ұйымдастырылады.
Шырмауық кинофестивальге үміткерлік үшін өтінген 12 мың 700 фильм арасынан бағдарламаға алынған 12 фильм арасына кірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар