01.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

210467
01.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Папа Италияға қайтып бара жатқанда Түркия туралы мәлімдеме жасады» деген хабарында Түркияға үш күндік іссапарын тамамдаған Папа Франциск Италияға қайтып бара жатқанда ұшақта мәлімдеме жасағанын жеткізген. Газет Папа Францисктің Сұлтан Ахмет мешітінде жасаған дұғасымен байланысты «Сұлтан Ахмет мешітіне мен турист ретінде келдім деп айтуыма болмайды. Мешіттің керемет екенін көрдім. Муфтий де өте жақсы түсініктеме жасады. Ол Құран-Кәрімнен аяттар оқыды. Әзірет Мәриямнан сөз қозғады. Сол кезде дұға жасағым келді. Муфтийге дұға қылайық дедім. Ол да жарайды деді» деген сөздер қолданғанына орын берген


Хүрриет газетінің «Диярбакырда жас іскерлер жетістіріледі» атты хабарында Түркия палаталар және биржалар одағы Анкарадан кейін Диярбакырда жас іскерлер жетістіру орталығын ашқанын жариялаған. Газет «Жас іскерлер жетістірілу» орталығында потенциаль жас іскерлерді орталыққа жинап, оларға іскерлік жөнінде білім бергенін және олардың фирмаларына қолдау көрсететінін хабарлаған.


Хабар Түрік газетінің «Әлемде алдыңғы үшінші орындамыз» атты хабары бойынша Биржа Стамбул қараша айында әлемнің ең өрлеген үшінші көрсеткіш индексі болды. Биржа Стамбул, әсіресе мұнай экспорт еткен елдер ұйымы OPEC-тің өндірісін белгілеу шешімінен кейін мұнай бағаларындағы арзандауы және инфляцияда бір жеңілдік орнығуының де ықпалымен қараша айы 7,59 пайыз көтерілді.


Сабах газетінің «Жем Йылмаздың Таяуда фильмі Парижде» атты хабарында Францияның астанасы Парижде түрік фильмдері көрсетілетін «Парижде түрік фильмдері» деген іс-шаралар аясында әйгілі күлдіргіш Жем Йылмаздың «Таяуда» фильмінің қойылымы болғанын жариялаған. Газет Қойылымның беташарына Мәдениет және туризм министрі орынбасары Абдуррахман Арыжы, Түркияның Париж өкілетті және төтенше елшісі Хаккы Акил және көптеген актер мен қонақтар қатысқанын білдірген. Газет министр орынбасары Абдуррахман Арыжының сөз сөйлегенін, оның сөзінде көне тарихқа тірелген Түркия-Франция қарым-қатынастарының соңғы жылдарда саяси және мәдени саласындағы серіктестік арқылы күшейгенін айтқанын жеткізген.


Йени Шафак газетінің «Тире ауданынан тарих олжалар табылды» деген хабарында Измирдің Тире ауданында шілде айында табылған «Көне Рим» дәуіріне тән 3 қабырдан кейін жалғастырылған қазбалардан алғашқы жеміс жарыққа шыққанын жазған. Газет ауданда тағы бір көне қабырдың табылғанын, сондай-ақ бұл қабырдың заманымыздан бұрынғы 4-ші ғасырға тән екенін хабарлаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар