03.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

179152
03.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Қорғаныс өнеркәсібінде 3 үлкен жоба» атты хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібінде сыртқа бағыныштылықты жоюды жоспарлаған Түркия 3 үлкен жоба үшін 41 миллион лира бюджет бөлді. Алғашқы сатыда қорғаныс саласында маңызды болып табылған технологиялар жайлы жұмыстана бастаған Түркия кейін болса кішігірім қарулармен шұғылданады. Осылайша қысқа мерзімнің ішінде әрі қолдағы қарулар күшейтіледі, әрі әлемге қорғаныс технологиясы сататын елге айналады.
Акшам газеті «Палестина үшін нан пісіретін ұн» атты хабар жариялаған. Хабарда Улусой Ұн, Әлем азық-түлік бағдарламасы (World Food Program, WFP) тарапынан Палестинаға жіберу үшін ашылған ұн тендерін ұтып алды. Желтоқсан айында 3 мың 600 тонна ұн Палестинаға жеткізіледі.
Гүнхан Улусой 2014 жылы БҰҰ палестиналық босқындарға жәрдем мекемесі (UNRWA) арқылы Палестина үшін 22 мың 500 тонна ұн табылғанын атап айтқанын білдірген.
Йени Шафак газеті «Түркияда инвестицияның күші жоғарылауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлем тұрғын санының шамамен 75 пайызына өкілдік жасайтын әртүрлі экономикалық өркендеу деңгейіне ие 70 мемлекеттің қатысушыларымен дайындалған «Инвестиция индексі» жарияланды. Жаһандық бастама мониторы 2013 Түркия қорытындысына қарағанда; әр 100 адамнан 32-сінің алдағы үш жылдың ішінде инвесторлық жасауды нысанаға алады.
Стар газеті «Oto World Asia»атты хабар жариялаған.
Тематикалық Сауда үйлері күн тәртібін құраған қазіргі таңда автокөлікке қатысты әртүрлі қажеттілікті қамтамасыз ететін Автокөлікті сауда орталығындағы Сауда үйлеріне қызығушылықты арттырды. Инвесторлар, галереялар және көлік иелерінің қажеттілігіне жауап беретін жоба «Oto World Asіa» да Анатолы құрлығының тұңғыш және жалғыз автокөлік сауда үйі болу ерекшелігіне ие. Авто Сауда үйлерінің 2015 сәуір айынан бастап, аймақты автокөлік орталығына айналдыруы күтіледі.
Йени шафак газеті «Таэквондошылар 9 медальмен елге оралады» атты хабар жариялаған.
Мексикадағы 9-шы Poomse Әлем Тхэквондо чемпионатында Түркия 1 күміс, 2 қола медалға қол жеткізді. Осылайша Түркия Poomse Ұлттық командасы үшінші күннің соңында медаль санын 2 алтын, 2 күміс және 5 қоламен 9-ға жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар