Мәжіліс төрағасы Өзбекстанда

Йылдырымды президент Мирзиеев қабылдады.

1056002
Мәжіліс төрағасы Өзбекстанда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс төрағасы Бинали Йылдырым Өзбекстандағы ресми кездесулері барысында президент Шавкат Мирзиеев тарапынан қабылданды.

Президент Мирзиеев қабылдауда сөйлеген сөзінде саяси ерік-жігер және ортақ талпыныс арқылы өзбек және түрік қарым-қатынастарының стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін атап көрсетті.  Ол Түркия мен Өзбекстан арасында түрлі салада қол қойылған келісімдердің осындай сапарлар арқасында мықты іргетасқа сүйеніп,  түбегейлі ынтымақтастыққа айналғанын айтты.

Өзбекстан президенті келісімдердің жүзеге асырылуымен қоса бірлескен бағдарлама және ынтымақтастық жобаларды қолдауға бағытталған парламенттердің белсенді қолдауының маңызды екенін тілге тиек етті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Йылдырым да Түркияның Өзбекстан экономикасы және әлеуметтік саласын жетілдіруге бағытталған жобаларға барлық қолдауды беруге дайын екенін білдірді.

Кездесуде тараптар дәстүрлі достық және ұзын мерзімді стратегиялық серіктестік қатынастарының нығайтылуына деген көзқарастарын қайталады.

Бинали Йылдырым артынан Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесіп,  екі жақты қатынастардың өзекті мәселелерін қолға алды.

Йылдырым айырықша Ташкентте Тәуелсіздік және Гуманизм ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.



Ұқсас жаңалықтар