«TRT World Citizen Awards» жеңімпаздарына жүлделері табыс етілді

«TRT World Citizen Awards» жеңімпаздарын марапттау рәсіміне Фахреттин Алтун да қатысты.

2091141
«TRT World Citizen Awards» жеңімпаздарына жүлделері табыс етілді
filistinli doktor abu sittah trt world citizen 2024.jpg

Түркия Радио Теледидар Мекемесі (ТРТ) Бас директоры Мехмет Захид Собажының үй иелігінде  ұйымдастырған марапаттау рәсімінде Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «TRT World Citizen Awards»-тың маңыздылығына назар аударды.

Фахреттин Алтун «Біз Түркия Республикасы ретінде тарихымыздың ешбір кезеңінде айналамыздағы немесе әлемдегі мәселелер мен қиындықтарға бей-жай қараған емеспіз» деді.

Алтун «Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның тіпті жақсы әлемге деген көзқарасын түйіндеген «Әлем бестен үлкен!» деген сөзі бұл тұрғыда ел болып алға қойған нақты, берік ерік-жігердің көрінісі. «Тіпті әділетті бір дүние құруға болады » деген үндеу тағы да осы құнды идеяның көрсеткіші. «TRT World Citizen» сияқты бастамалармен біз қолымызда бар барлық құралдар және мүмкіндіктермен алға қарай ілгерілеуге қарқынды күш салудамыз» деді.

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы да Газадағы оқиғаларға тоқталып, әділетті жақтайтын ақпарат құралдарының күшіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар