«NEXT by TRT World Forum» бағдарламасы Стамбулда өтуде

Өз саласының білгірі атақты жас есімдер бас қосып, бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің шешімін іздейді.

2001968
«NEXT by TRT World Forum» бағдарламасы Стамбулда өтуде

Әлемдегі маңызды жаһандық мәселелердің шешімін іздеу мақсатында өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған «NEXT by TRT World Forum» бағдарламасының екіншісі Стамбулда өтуде.

Өз саласының білгірі атақты жас есімдер бас қосып, бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің шешімін іздейді.  

«NEXT by TRT World  Forum» бағдарламасына танымал есімдер арасында бұрынғы футболшы Фредерик Кануте, CZN шеф-аспазы Бурак Өздемир, «Zindagi» қорының негізін қалаушы Шехзад Рой, көру қабілеті нашар адамдар үшін жасалған ақылды таяқты ойлап тапқандардың бірі Күршат Джейлан, Біріккен Ұлттардың Африканы жаңарту бағдарламасының мүшесі Рафаэль Обоньо және климат белсендісі Кловер Хоган қатысты.



Ұқсас жаңалықтар