Аль Пачино 83 жасында төртінші рет әке атанды

Аль Пачино ұлына 29 жастағы сүйіктісі Нур Альфаллахпен бірге «Роман» деп ат қойған.

2000639
Аль Пачино 83 жасында төртінші рет әке атанды

Америкалық Голливуд жұлдызы Аль Пачино 83 жасында төртінші рет әке атанды.

Аль Пачино ұлына 29 жастағы сүйіктісі Нур Альфаллахпен бірге «Роман» деп ат қойған.

Өткен жылы фильм түсірілім алаңында продюсер болып жұмыс істеген Альфаллахпен танысқан Пачиноның актерлік жаттықтырушысы Ян Тарранттан туған «Джули Мари» есімді 33 жаста қызы және актриса Беверли Д'Анжелодан туған 22 жаста «Антон» және «Оливия» атты егіздерімен бірге үш баласы тағы бар.  

Аль Пачиноның кейбір фильмдерде бірге ойнаған досы Роберт Де Ниро да жақында жаңа туған 7-ші баласына байланысты жаңалықтардың тақырыбы болған еді.

79 жастағы атақты актер Де Ниро 2015 жылы «Интерн» фильмінде танысқан сүйіктісі Тиффани Ченнен балалы болғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар