Қытай «Юньхай-1» серігін ұшырды

«Юнхай-1 03» жер серігі елдің Жючуан Жасанды серік орталығынан "Long March-2D" зымыран тасығышымен ұшырылды.

1882599
Қытай «Юньхай-1» серігін ұшырды

Қытай атмосфераны, теңізді және ғарыштық ортаны бақылауға арналған «Юньхай-1» жасанды серігінің үшіншісін ғарышқа жолдады.

Шиньхуа агенттігінің хабарлауынша «Юнхай-1 03» жер серігі елдің Жючуан Жасанды серік орталығынан "Long March-2D" зымыран тасығышымен ұшырылды.

Жасанды серіктің ұшырылғаннан кейін жоспарланған орбиталық орынға орналасқаны хабарланды.

Шанхай Ғарыштық ұшу технологиялары академиясы әзірлеген жасанды серік ғылыми зерттеулер мен апаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.

«Юньхай-1» жасанды серігінің біріншісі 2016 жылдың қарашасында, екіншісі 2019 жылдың қыркүйегінде орбитаға жолданған болатын.

"Long March-2D" зымыран тасығышымен ұшырыған серік 438-ші мәрте сәтті орындалған міндет болды.



Ұқсас жаңалықтар