Одунпазары мұражайы - үздіктер қатарында

Одунпазары заманауи мұражайы соңғы бір ғасырдың ең үздік 25 мұражайы арасына енді.

1769375
Одунпазары мұражайы - үздіктер қатарында

Ескишехир қаласының Одунпазары ауданында тарихи үйлердің арасында салынған Одунпазары заманауи мұражайы соңғы бір ғасырдың ең үздік 25 мұражайы арасына енді.

Одунпазары заманауи мұражайының байланыс директоры Бенгу Кыркыз Ергүвен Америка Құрама Штаттарында 1902 жылдан бері жарияланып келе жатқан беделді бір журнал тарапынан үздіктер қатарына алынудың қуантқанын білдірді. «Әрі мұражай тұрғысынан, әрі еліміздің атының шетелде танымал болуы тұрғысынан өте қуанышты хабар» деді ол.

Мұражай ғимараты Османлы күмбез сәулеті, дәстүрлі жапон сәулеті және Одунпазары ауданының азаматтық архитектурасынан шабыт алынып салынған. 4 500 шаршы метрлік алаңда орналасқан.

Одунпазары заманауи мұражайы бұдан бұрын да ТР Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан берілген Арнайы сыйлықтың, 2021 жылы да Ұлыбританияда Еуропа Мұражай форумының Арнайы сыйлығын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар