Балқанда «Түрік тағамдары апталығы» өтті

«Түрік тағамдары апталығы» аясында Босния және Герцеговинаның елордасы Сараевода Эгей аймағының тағамдарының үлгілері таныстырылды.

2142866
Балқанда «Түрік тағамдары апталығы»  өтті
saraybosna turk mutfagi.jpg
uskup turk mutfagi.jpg

Президенттік қолдауымен және Мәдениет және туризм министрлігінің үйлестіруімен биыл 3-ші рет ұйымдастырылған «Түрік тағамдары апталығы» аясында Босния және Герцеговинаның елордасы Сараевода Эгей аймағының тағамдарының үлгілері таныстырылды.

Сараевода гастрономия мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер түрік аспазынан дәстүрлі рецепттерді үйренді.

Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде де түрік тағамдары таныстырылды.

Түркияның Македониядағы өкілетті және төтенші  елшісі Фатих Улусойдың жұбайы Шейма Нур Улусой «Тарих, мәдениет және табиғат кездесуі: Түрік Эгей дәмдері» концепциясымен ұйымдастырған шараға Скопьедегі кейбір елдердің елшілерінің жұбайлары мен қонақтар қатысты.

Шейма Нұр Улусой шарада сөйлеген сөзінде «Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерден нәр алған түрік тағамы әртүрлі аймақтардан шабыттандырылған, бүгінгі күнге дейін сақталған әртүрлі тағамдардан дәмді рецепттермен әр дәмге ұнайтын кең ассортиментке ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар