Түркияның туризмі дамуда

Мәдениет және туризм министрі Нури Эрсой "2021 жылы болғанындай, 2022 жылы да үлкен табыстарға қол жеткіземіз" деді.

1738751
Түркияның туризмі дамуда

Түркияның 2021 жылғы туризм нысанасы - 29 миллион туристті күтіп алу.

Мәдениет және туризм министрі Нури Эрсой Анталияда ұйымдастырылған 11-ші Халықаралық Ресорт Туризм Конгресіндегі сөзінде соңғы екі жылдан бері барша әлемге ықпал жасаған жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің барлық секторға зиян тигізгенін айтты.

Эрсой туризм секторы ретінде осы процестен тәжірибе жинап, өзін жаңалап жолын жалғастыратындарын білдірді.

Соңғы екі жылда басқан қадамдардың арқасында Түркияның Испаниядан тіпті көп турист күтіп алғанына назар аударған министр Эрсой "2021 жылы болғанындай, 2022 жылы да үлкен табыстарға қол жеткіземіз" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар