Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайында жолаушы саны артты

Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайын қолданған халықаралық жолаушы саны 18 пайыз артты.

1183002
Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайында жолаушы саны артты

Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайының халықаралық терминалын жылдың алғашқы 3 айында қолданған жолаушы саны артты.

Ресми мағлұматтарға қарағанда Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда халықаралық терминалды қолданушылар саны 18 пайыз артып, 2 миллион 960 мыңға ұласты.

Халықаралық терминалдың жолаушы саны наурыз айында 20 пайыз артып, 1 миллион 70 мың болды.

Жылдың алғашқы ширегінде қатынаған халықаралық рейстердің саны да бірдей мөлшерде артты.



Ұқсас жаңалықтар