'2017 Airshow' көрмесі 6-шы ақпан күні Сингапурда басталады

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ әуе көліктерімен Азия нарығында бәсекелестік танытады.

901547
'2017 Airshow' көрмесі 6-шы ақпан күні Сингапурда басталады

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ (TUSAŞ/TAI) қорғаныс өнеркәсібінің отандық және ұлттық өнімдерін 6-11 ақпан күндері ұйымдастырылатын Сингапур «Airshow» көрмесінде танытады.

TAI жасаған мәлімдемеге қарағанда фирма барлық өнімдерімен Сингапурға барып, Азия нарығында бәсекелестік танытады.

TAI Сингапур Airshow көрмесінде әсіресе пилотсыз ұшақ «ANKA» мен әртүрлі мақсатпен қолданылған T625 тікұшақтарын сату үшін келіссөздер жүргізеді.

Екі жылда бір ұйымдастырылған көрмеге жоғары мәртебелі көптеген әскери лауазымды мен мемлекеттік бюрократтың қатысуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар