Пайғамбардың қасиетті туған күні апталығы басталды

Бинали Йылдырым Ислам дінін қанаушыларға қарсы дінді қорғау керектігін атап айтты.

716057
Пайғамбардың қасиетті туған күні апталығы басталды

Бинали Йылдырым Анкарада ұйымдастырылған «Пайғамбар және сенімді қоғам» тақырыпты «Пайғамбардың қасиетті туған күні апталығы» бағдарламасында сөз алып Әзірет Мұхаммед дүниеге келген 20 сәуірді де қамтитын туған күні апталығын құттықтады.

Дін қанаушылығының қауіпті деңгейге ұласқанына назар аударған Йылдырым «Қасиетті дінімізді ең көп қорғауға тиісті қауіптердің басында дін қанаушылары келеді. Дін қанаушыларының 15 шілде күні бұл елге қандай зардап шеккізгенін баршамыз бірге көрдік» деді.

Қоғамдардың, жас ұрпақтың, балалардың рухани құндылықтарға ие шығуларын таза және дұрыс мағлұматтармен жұмыстануға тиісті екенін атап көрсеткен Йылдырым батыс әлемінде артып отырған нәсілшілдікке назар аударып, «Өкінішке орай батыста бұрынғы әдеттегі өшпенділік себепті ислам дұшпандығы артуда. Батыс мәдениетінде орналасқан бір ислам қорқуы бар. Батыс бұл аурумен бетпе-бет қалуға мәжбүр» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман болса жасаған баяндамада Әзірет Мұхаммедтен баршаның шабыт алуын, оның ізінен жүруін үміт еткендерін атап айтты.

Салтанатты кеште сөз алған вице-премьер Нуман Куртулмуш «Үлкен бір өркениеттің мұрагері ретінде Түркия азаматтары сенімді бір қоғам құру жауапкершілігін орындауға, күш жұмсауға міндеті» деді.

Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез болса Әзірет Мұхаммедтің әйелдердің сенімді бір ортада өмір сүру керектігі жайлы сағынышын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар