Бурсада Александров ансамблі еске алынды

«Нилюфер» атты әйелдер хоры әндерімен Александров ансамблін еске алды.

663025
Бурсада Александров ансамблі еске алынды

«Нилюфер» атты әйелдер хоры «Қызыл армия хоры» деген атпен танымал Александров ансамблін еске алды.

Бурса қаласында 2017-2018 мәдениет жылын «105 әйелден 105-ші концерт» тақырыбымен ашқан Нилюфер муниципалитеті әйелдер хоры әндерін 68 мүшесі ұшақ апатында құрбан болған Александров ансамблі үшін шырқады.

Орыс және басқа да шетел тілдерінде әндер орындалған кеште «barkovizyon» арқылы Қызыл армия хорының бұрын қойған концерттерінен бейне көріністер көрсетілді.

Әйелдер хоры кейін болса орыс халық әні Катюшаны орыс тілінде орындады.

Концерттік бағдарламаның композиторы Айсел Гүрел «Бүгін сахнада Қызыл армия хорын еске алдық. Музыка жаһандық бір ұғым. Барлық музыканттарды құрметтейміз. Олар бұған лайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар