Мұсылман әлемі Әзірет Мұхаммедтің туған күнін тойлады

Жыл сайын Рабиғ әл-әууел айының 12-ші түні ислам әлемі тарапынан Мәуліт мерекесі ретінде атап өтіледі.

628311
Мұсылман әлемі Әзірет Мұхаммедтің туған күнін тойлады

Әзірет Мұхаммед дүниеге келген күн ретінде тойланған қасиетті Мәуліт мерекесіне орай ел көлемінде және шетелде 90 мыңнан астам мешітте Стамбұлда жасалған террор шабуылында шәйіт болған азаматтар үшін Құран оқып, дұға етілді.

Жыл сайын Рабиғ әл-әууел айының 12-ші түні ислам әлемі тарапынан Мәуліт мерекесі ретінде тойланады.

Елдің түкпір-түкпірінде Мәуліт мерекесі тойлаған мұсылмандар қолдарын көк аспанға ашып, шәйіттер үшін Құран оқып, дұға етті.

Стамбұлда Эйюп Сұлтан мешітін толтырған азаматтар құптан намазын оқыған соң Мәуліт-и Шариф пен Құран тыңдады. Артынан мешіт ауласында кәмпіт пен локум таратылды.

Мұсылмандар кешегі опасыз шабуылда әйнектері сынған Безмиәлем Валиде Сұлтан мешітін толтырды.

Эдирнедегі Селимийе мешітінде де мұсылмандар Мәуліт түнінің шапағатына бөленді.

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасындағы тарихи Болгар қаласындағы Ақ мешітте өткен Мәуліт кеші бағдарламасында мұсылмандар бірлік пен ынтымақтастыққа шақырылды.

Бағдарламаға қатысқан Дін істері басқармасы Діни басылымдар бас директоры Юксел Салман Болгарда мұндай қасиетті бір түнді өткізгеніне қуанышты екенін атап, «Түркияда қандай сезімдер болса, осында да бірдей сезімдер бар. Дұғаларымыз бірдей, кітабымыз бірдей, Қағбамыз бірдей, бізді біз қылатын барлық құндылықтарымыз ортақ. Баршамыз бірге қайғырамыз, бірге толқынамыз, бірге қуанамыз. Алла бірлігімізді мәңгі қылсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар