Түркия Түріксат-6А жер серігін өндіреді

Жергілікті резервтермен өндірілетін Түріксат-6А жерсерігінің осы айда қолдары қойылады.

187888
Түркия Түріксат-6А жер серігін өндіреді

Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Лүтфи Элван Түріксат-6А арқылы Түркияның коммуникация саласында технология сұрайтын емес, технологияны өндіретін бір елге айналатынын атап айтты.

Элван жоба бюджетінің министрлік пен ТҮБИТАК тарапынан қамтамасыз етілетінін атап көрсетті.
Министр Элван «Түріксат-6А жергілікті коммуникациялық жер серігі өндірісі толығымен Түркияда жасалады, интеграциялық және қажетті барлық сынақтар Анкарада құрылған жер серігі монтаждау, интеграция және сынақ орталығында өткізіледі» деді.
Элван жер серігінің жобасы мен үстіндегі бақылау бағдарламасының толығымен жергілікті болатынын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар