Каратэден екі түрік әлем чемпионы болды

Германияда каратэден өткен әлем чемпионатында Түркия алтын медальге қол жеткізді.

186442
Каратэден екі түрік әлем чемпионы болды

Германияның Бремен қаласында өткізілген 22-ші Каратэ чемпионатында ұлттық спортшылар Серап Өзчелик және Энес Эркан әлем чемпионы болды.


Серап Өзчелик әйелдер кумитэ 50 кг. салмақта түрік текті неміс спортшысы Дуйгу Буғурды 6-1 жеңіп, алтын медальге қол жеткізді және әлем чемпионы аталды.
Чемпионатта алғашқы тур матчына шықпай өткен Өзчелик екінші турда орыс қарсыласы Екатерина Розхокты, 3-ші турда испан Росио Эстепаны, 4-ші турда австриялық спортшы Беттина Планкты, жартылай финальде болса индонезиялық Сукатендел Суринита Сариді жеңіп финальге өткен болатын.
3 Еуропа чемпиондығы бар Өзчелик тұңғыш рет әлем чемпионы аталды.
Ұлттық спортшы Энес Эркан болса +84 кг.салмақта финаль матчында ирандық қарсыласы Саяд Ганизадехті 5-4 жеңіп әлем чемпионы болды.
Эркан эстониялық Танел Паабоны, албаниялық қарсыласы Геролинд Нишевджиді, голландиялық Морено Шеппардты және жартылай финальде болса Фернандез Визуетеді жеңіп, финальге өткен болатын.
Парижде өткен 2012 Әлем Каратэ чемпионатында болса +84 кг.салмақтағы әзірбайжандық Шахин Атамовпен финаль матчында жарысқан Эркан қарсыласын 3-0 жеңіп, алтын медальдің де иесі болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар