Израиль жауыздығы жалғасуда

Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылында тағы 22 палестиналық қаза тапты.

2133108
Израиль жауыздығы жалғасуда

Палестинаның “WAFA” ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясының Газа қаласының батысындағы Әбу Хусайра көшесінде ат-Тертури отбасына тиесілі үйді нысанаға алуы кесірінен әйелдер мен балалар да бар кемінде 5 палестиналық қаза тапты.

Газа қаласының оңтүстігіндегі Сабра ауданында Израиль соғыс ұшақтарының Хиджази отбасына тиесілі үйді бомбалауы кесірінен 2 палестиналық әйел қаза тапты, кейбірі үйінді астында қалды.

Газа секторының оңтүстігінде Рафах қаласының шығысындағы Йенина ауданында Израиль әскери ұшақтарының «Хатиб» отбасына тиесілі үйді нысанаға алуы салдарынан  кемінде 4 палестиналық қаза тауып, көп адам жараланды.

Израиль армиясының Рафах қаласының орталығындағы Шабура босқындар лагерінде қоныс аударған палестиналықтардың тұрған «Хавакат» отбасына тиесілі үйді бомбалауы кесірінен 6 палестиналық көз жұмды.

Израиль әскерінің Рафахтағы «Әбу Таха» отбасына тиесілі үйді нысанаға алуы салдарынан  5 палестиналық ажал құшты.



Ұқсас жаңалықтар