Израиль Иранға жауап қайтарылатынын мәлімдеді

Израиль Бас штаб басқармасы төрағасы Герци Халеви мәлімдеме жасады.

2128158
Израиль Иранға жауап қайтарылатынын мәлімдеді

Израиль Бас штаб басқармасы төрағасы Герци Халеви Иранның өз еліне жасаған әуе шабуылына жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Израильдің мемлекеттік телеарнасы «KAN» Иранға «аймақты бақылауға мүмкіндік беретін, жауап қайтара алмайтын және аймақты жан-жақты соғысқа әкелмейтін шектеулі бір шабуыл» жоспарланғанын хабарлады.

Иранмен шиеленістің күшеюіне байланысты Газа секторының екінші күн тәртіпте қалуын қаламағандарына назар аударылған хабарда лауазымдылардың «Иранның алғаш рет өз аумағынан тікелей бір шабуыл жасағаны үшін қызыл сызықтан асқанын және осыған жауап қайтарудың міндетті екенін» атап көрсетті.

Израиль әуе күштерінің Иранға қарсы ықтимал шабуылы үшін дайындықтарын аяқтағанына назар аударылған хабарда шабуылдың нысанасы туралы мәлімет берілмесе де, Ирандағы қастандық операциялары немесе ауқымды электронды шабуылдың да алыс еместігіне назар аударылды.

Израиль армиясы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Халеви 13 сәуір күні Иран жасаған шабуылдың артынан «жеңіл» зиян келген Неватим әуе базасын аралады.

Халеви мұндағы мәлімдемесінде «Алға қараймыз, қадамдарымызды ойлаймыз және Израиль аумағына көптеген зымыранның, қанатты зымырандар мен пилотсыз әуе көліктерінің ұшырылуына жауап қайтарылады» деді.

Израиль 1 сәуір күні Дамасктегі Иран консулдығы ғимаратына әуе шабуылын жасап, Иран Төңкеріс сарбаздарынан 2-сі генерал, 7 ирандық лауазымдыны өлтірген болатын.

Иран Израильдің консулдық шабуылының өз елінің аумағына жасалған шабуыл деген мағынаға келгенін және жауап қайтаратындарын мәлімдеген болатын. Соңғы шабуылдың артынан Израиль Иранға жауап қайтарылатынын атап көрсетті.

Иран 13 сәуір күні жүздеген «камикадзе» деп аталатын пилотсыз әуе көліктері, баллистикалық және қанатты зымырандармен Израильге шабуыл жасаған еді.

Иран кейбір нысаналардың жойылғанын жарияласа, Израиль шабуылдардың көпшілігінің әуе қорғаныс жүйелері арқылы алды алғанын хабарлады. Бірақ зымырандардың кейбірлері оңтүстіктегі әскери бір базаға құлады.



Ұқсас жаңалықтар