Израильдің шабуылында 9 адам жарақат алды

Зардап шеккендердің жақын жердегі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

2127764
Израильдің  шабуылында 9 адам жарақат алды

Израиль армиясының Ливанның оңтүстігінде жасаған әуе шабуылында 9 адам жарақат алды.

Ливанның ресми агенттігі NNA-дағы хабарға қарағанда Израиль армиясының әскери ұшақтары Сур қаласындағы Сиддикин елді мекеніндегі бір үйге әуеден шабуыл жасады. Шабуыл кезінде нысанаға алынған үйдің толығымен қирағаны, 9 адамның жараланғаны, төңіректегі көптеген үйдің  ауыр зардап шеккені атап өтілді.

Зардап шеккендердің жақын жердегі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Израиль армиясының Ливан шекарасында орналасқан Тайр Харфа, Эд-Духайра, Леббун және Алма аш-Шааб қалашықтарына да әуе шабуылы жасағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар