Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды

Ростов Аймақтық губернаторы Василий Голубев шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

2115009
Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды

Ресейдің оңтүстігіндегі ең ірі мұнай өңдеу зауытында пилотсыз әуе көлігі шабуылына байланысты өндіріс тоқтатылды.

Ростов Аймақтық губернаторы Василий Голубев жазбаша мәлімдемесінде Новошахтинский Мұнай өнімдері зауытына шабуыл жасаған пилотсыз әуе көлігінің атып түсірілгенін білдірді.

Пилотсыз әуе көлігінің зауытқа құлағанын, сондықтан өндірістің тоқтатылғанын атап көрсеткен Голубев оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Жылдық 7,5 миллион тонна мұнай өңдеу қуаты Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты Ресейдің оңтүстігіндегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты болып табылады.

2023 жылдың мамыр айында нысанға пилотсыз әуе көлігімен зауытқа шабуыл жасалып, аздаған залал келтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар