Макрон туралы сұраққа күліп қана қойды

Лавров Анталия Дипломатия форумында Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті.

2109771
Макрон туралы сұраққа күліп қана қойды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Франция Президенті Макронның Украинаға әскер жіберуді «жоққа шығармау керек» деген мәлімдемесіне қатысты сұраққа күліп жауап берді.

Лавров Анталия Дипломатия форумында Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті.

Кездесуден кейін баспасөз өкілдері Лавровқа сұрақ қойды.  Франция президенті Эммануэль Макронның Украинаға әскер жолдау мәлімдемесі туралы көзқарасы сұралған Лавров күліп қана қойды.

Францияда 26 ақпан күні өткен Украинаға қолдау мақсатты конференцияда Макрон «Ресейдің осы соғыстан жеңіп шықпауы үшін не қажет болса істейміз» деген болатын. Осы мақсатқа жету үшін «барлық нәрсенің мүмкін екенін» білдірген Макрон Украинаға әскер жіберуді «жоққа шығармау керек» екенін айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар