Ливия Мемлекеттік мұнай мекемесі мәлімдеме жасады

Ливия Мұнай нысандарын қорғау сарбаздарының талаптарының орындалғаны жарияланды.

2107798
Ливия Мемлекеттік мұнай мекемесі мәлімдеме жасады

Ливия Мемлекеттік мұнай мекемесі барлық мұнай кен орындары мен порттарындағы жұмыстардың қалыпты жағдайға оралғанын хабарлады.

Ливия Мемлекеттік мұнай мекемесі жасалған жазбаша мәлімдемеде «Мемлекеттік мұнай мекемесі құрлық және теңіз аймақтарындағы жұмыстарының барлығының қалыпты түрде жалғасатынын растайды» делінді.

Ливия Қорғаныс министрлігіне қарасты мұнай нысандарын қорғау сарбаздары 15 ақпан күні жасаған мәлімдемесінде Ливияның Ұлттық бірлік үкіметінен талаптарының орындалуын сұрап, 10 күн ішінде бұл орындалмаған жағдайда мұнай кен орындарын жабумен қорқытқан болатын.

Елдегі мұнай кен орындарының қауіпсіздігіне жауапты мұнай нысандарын қорғау сарбаздары алдыңғы күні барлық мұнай кен орындары мен мұнай экспорттайтын порттардың жабылғанын хабарлады.

Сол күні үкімет жасаған мәлімдемеде Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбенің Мұнай нысандарын қорғау сарбаздарының жалақыларын Ливия армиясы мүшелерінің жалақыларымен бірдей деңгейге көтеруге тапсырма бергені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар