Испанияның Валенсия қаласында көпқабатты үйде өрт шықты

Испанияның Валенсия қаласында көпқабатты үйде шыққан өртте 10 адам қаза тапты.

2106782
Испанияның Валенсия қаласында көпқабатты үйде өрт шықты

Испанияның Валенсия қаласында көпқабатты үйде шыққан өртте 10 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Кампанар аумағындағы 14 қабатты және 138 пәтерлі үйде тұтанған өрт көп ұзамай көрші ғимаратқа тарады.

Оқиғада 10 адам қаза тапты және  15 адам жарақат алды.

Валенсия муниципалитеті өртте қаза тапқандарды еске алу үшін қалада 3 күндік аза тұту жариялады.

Испания премьер-министрі Педро Санчестың  мәлімдемесінде «Валенсиядағы ғимаратта орын алған жан түршігерлік өрт мені қатты шошытты. Өрттен зардап шеккен барлық адамдармен сезімінді бөлісемін және оқиға орнындағы барлық төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар