Экономикалық санкциялардың мерзімі созылды

ЕО осы уақытқа дейін Ресейге қарсы 12 санкция пакетін іске асырды.

2094761
Экономикалық санкциялардың мерзімі созылды

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге салған экономикалық санкцияларын 6 айға созды.

Еуроодақ Кеңесі Ресейдің Украинадағы тұрақсыздыққа бағытталған әрекеттеріне байланысты алғаш рет 2014 жылы басталған шектеу шараларының 31 шілдеге дейін созылғанын хабарлады. Мәлімдемеде 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін Еуроодақ санкцияларының айтарлықтай кеңейтілгені еске салынды.

ЕО осы уақытқа дейін Ресейге қарсы 12 санкция пакетін іске асырды.

Ресейге қарсы санкциялар сауда, қаржы, өнеркәсіп, технология, көлік, қос мақсаттағы және люкс тауарларды  қамтиды.

ЕО-ның Ресейге қарсы экономикалық санкцияларының мерзімі 6 ай сайын созылады.



Ұқсас жаңалықтар