БҰҰ Палестина арнайы есепшісі Израильге наразылық көрсетті

БҰҰ арнайы есепшісі Франческа Альбанез жеке аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2083581
БҰҰ Палестина арнайы есепшісі Израильге наразылық көрсетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Палестина бойынша арнайы есепшісі Франческа Альбанез 7 қазан күнінен бері Газа секторына шабуылдарын жалғастырған Израильдің Палестина халқын күштеп көшіруінің «адамзатқа қарсы қылмыс» екенін айтты.

Альбанез жеке «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Күштеп көшіру - адамзатқа қарсы қылмыс. Израиль онжылдық заңсыз басқыншылығы бойынша мұны жалғастырды» деді.

Альбанез Израильдің бомбалау, аштық және аурулар арқылы халықты қорқытып, бұл қоныс аудару жоспарын жаңа деңгейге көтергенін мәлімдеді.

Оталығы АҚШ-тағы «Democracy Now» атты интернет парақшасына 29 желтоқсан күні мәлімдеме жасаған Альбанез 7 қазан күнінен бері Газа секторына шабуылдарын жалғастырған Израиль күштеріне берілген тапсырманың «Газа секторын жаппай жою және осында орналасу» екенін атап көрсетті.

Альбанез сонымен бірге 26 желтоқсан күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Израиль депутаттарының Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды күштеп көшіруді мақсат еткен «ерікті көші-қон» жоспарының қылмыс екеніне назар аударды. Газалықтарды «ерікті көші-қон» деген атпен көшіруді жоспарлағандардың Халықаралық қылмыстық сот және басқа да соттар тарапынан тергелетінін және жауапқа тартылатынын атап көрсетті.

АҚШ да Израиль министрлері Безалел Смотрих пен Итамар Бен-Гвирдің «Газа секторындағы палестиналықтардың аймақтан өз еркімен қоныс аударуына» қатысты мәлімдемелерін «арандатушылық» деп түсіндірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер жазбаша мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарының палестиналықтардың Газадан тыс жерлерге орналасуын жақтайтын мәлімдемелерді қабылдамағанын және мұндай мәлімдемелерді дереу доғару керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар